Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститеті Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»



Дата17.02.2023
өлшемі154,37 Kb.
#169188
Байланысты:
аза стан Республикасы білім ж не ылым министрлігі л-Фараби ат



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститеті



Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы: «Кадастр және жерге орналастыру»
СӨЖ


Тақырыбы: «Антикалық кезеңіндегі картографиялық ой мен
географиялық картаның даму ерекшелітер»


Орындаған: Бейсенбиева Ғалия
Гаппарова Дильназ
Тексерген: Асен Нұрдана
Алматы – 2023
Мазмұны


Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Антикалық кезеңіндегі картографиялық ой. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
2.2 Географиялық картаның даму ерекшелітер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық картамен басқа да картографиялық өнімдермен кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану əдістемелері туралы ғылым.
Картографияның басқа ғылымдармен байланысының ауқымы өте кең. Қоғамдық ғылымдардан экономикалық жəне əлеуметтік география, тарих тағы басқа салалармен тығыз байланысты. Жаратылыстану ғылымдарынан - табиғатты зерттейтін физикалық география, геология, ландшафтану, топырақтану, метеорология жəне климатология сияқты салалық ғылымдармен, нақты ғылымдардың ішінде математика, геодезия (Жердің пішіні мен өлшемі, жер бетінде өлшеу жұмыстарын жүргізу туралы ғылым), кибернетика, статистикамен тығыз байланысты.
Карталар шағын аумақтан бастап бүкіл жер шарын тұтас қамтып шолу жасай алатын бірден-бір оқыту құралы болып табылады. Ол кескінделген құбылыстардың кеңістіктік кескінін жасап, қажетті мөлшерде сандық жəне сапалық сипаттарын сақтайтындықтан, қамтылған нысандардың координатын, ұзындығын, ауданын, көлемін, биіктігін, олардың үйлесімділігін, бір-бірімен өзара байланысын, ерекшеліктері мен таралу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Негізгі бөлім
2.1 Антикалық кезеңіндегі картографиялық ой

Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында-ақ, картографиялық суреттер жазу пайда болғанға дейінгі ұзақ уақытта кеңістікті бағдарлау және нысандар мен заттардың қоршаған ортада орналасуын түсіну үшін қызмет етті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекия мен Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Картада бейнеленген нысандардың пішіндері мен бағдарлауы бағаланды, өлшемдері табылды.


Картография мен географияның ғылыми негіздері Ежелгі Грекиядан басталады. Ежелгі Грекиядағы географиялық ой өрісі кеңеюі және астрономияның дамуы Жердің шар тәрізді екендігі ілімнің пайда болуына алып келді. Бұл ілімнің пайда болуында Аристотельдің (б.з.д. IV ғасыр) үлесі өте маңызды. Осы ілімге негізденіп астроном және географ Эратосфен (б.з.д. IІІ ғасыр) Жердің диаметрі мен меридианның ұзындығын анықтады. Ол өзінің «География» деген еңбегінде сол кездегі белгілі территорияны картаға түсірген. Б.з.д. ІI ғасырда Гиппарх меридиандар мен параллельдер бойынша карта жасауды ұсынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет