Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


И.С.  Шатилов  және  М.К.  Каюмов  тұжырымдамасы  бойынша



Pdf көрінісі
бет115/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

И.С.  Шатилов  және  М.К.  Каюмов  тұжырымдамасы  бойынша 

өнімді бағдарламалаудың негізгі ұстанымдары.

 

Әрбір 


дақылдың 

өнімі  өсімдіктер  мен  қоршаған  ортаның  күрделі  байланысы  арқылы 

қалыптасады,  ал  оның  деңгейі  күн  энергиясы,  көмірқышқыл  газ,  су, 

минералды  қоректену  элементтері,  топырақтың  су,  ауа  ережесі 

жағдайымен және т.б. қамтамасыз етілуі арқылы анықталады. 

 

И.С.Шатилов  (1973  ж.)  өнімді  бағдарламалаудың  экологиялық, 



биологиялық  және  агротехникалық  жағдайларына  сүйенетін  он 

ұстанымына 

(принцип) 

бөліп 


тұжырымдады. 

Автор 


ұсынған 

ұстанымдардың бесеуі өнім құрастыруға қоршаған орта факторларының 

әсерін есептеуді қарастырады. 

 

1.  Өнім  дәрежесі  фотосинтетикалық  белсенді  радиация  (ФБР) 



кірісімен және оны пайдалану коэффициентерімен анықталады. 

 

2. Биохимиялық көрсеткіштерді еске ала отырып, нақтылы топырақ- 



климат  жағдайларына  байланысты  дақылдар  мен  сорттардың 

потенциалды мүмкіндіктерін анықтау. 

 

3. Ауа райы жағдайларының өзгеруіне сәйкес ылғалмен қамтамасыз 



етілуіне қарай өнім дәрежесін анықтау, ал суармалы жерлерде ылғалмен 

оңтайлы мөлшерде қамтамасыз ету керек. 

 

4.  Егіншілік  пен  өсімдік  шаруашылығының  заңдары  мен 



заңдылықтарды ескеру және дұрыс пайдалану. 

 

5.  Дақылдардың,  агрофитоценоздың  ауыспалы  егістіктегі  дақылдар 



жиынтығының,  сонымен  қатар  аралық  егістіктің  потенциалды 

мүмкіндіктерін бағалау.  

 

Басқа бес ұстаным дақыл өсірудің технологиялық кескінін құрайды. 



 

6. Нақты жағдайларда жоспарланған өнімді қамтамасыз ететін тиісті 

шаралар арқылы фотосинтетикалық потенциал құрастыру. 

 

7. Бағдарламалау өніммен алынатын қоректік заттарды, топырақтың 



тиімді  құнарлылығы  және  топырақ  пен  тыңайтқыштың  қоректік 

заттарды пайдалану коэффициентін ескере отырып, тыңайтқыш жүйесін 

зерттеп дамыту. 



 

96 


 

8.  Белгіленген  өнімді  алуға  мүмкіндік  беретін  агротехникалық 

шаралар кешенін зерттеп дамыту. 

 

9. Тиісті дақылдардың сау өсімдіктерін және өнімін зиянкестер мен 



ауруларға  шалдықпау  үшін  оларға  қарсы  нақтылы  күрес  шараларын 

зерттеп дайындау. 

 

10.  Өнімнің  барынша  мүмкін  мөлшерін,  қамтамасыз  ететін 



агротехникалық  шаралардың  қолайлы  түрін  есептеп  анықтау  үшін 

электронды есептегіш машиналарды (ЭЕМ) қолдану.  

 

  Бағдарламалаудың 



осы 

ұстанымдарына 

сүйене 

отырып 


ауылшаруашылығы  дақылдарының  технологиясын  жүйелі  түрде 

жетілдіруге болады. 

 

   Атап  айтқанда,  екпе  дақылдар  өсірудің  қарқынды  өсірудің 



ғылыми 

мәні, 


өнімді 

бағдарлауда 

факторларды 

ескергенде 

қолданылатын  тепе  теңдік  әдісі  сияқты  И.С.Шатилов  ұсынған 

бағдарламалау  ұстанымдарына  негізделген  және  өндірісте  кеңінен 

қолданылады.  Сонымен  өнімді  бағдарламалаудың  ұстанымдары 

дақылдарды  қарқынды  технология  бойынша  өсірудің  теориялық  негізі 

болды деп қорытындылауға болады. 

 

И.С.Шатиловтың  оқытушысы  М.К.  Каюмов  (1989)  сыртқы 



факторлармен  өсімдіктердің  өсіп  өнуіндегі  үйлесімділікке  негіздей 

отырып,  өнімді  бағдарламалаудың  жаңа  ұстанымдарын  тұжырымдады, 

алайда    белгілі  бір  шарттылықпен  ерекшеленеді,  бірақ  тәжірибелік 

маңызы да жоқ емес. Ол ұстанымдардың саны алтау:  

 

1.  Өнімді  бағдарламалаудың  физиологиялық  ұстанымдары  нақты 



топырақ-климат  жағдайында  барынша  мол  өнім  алуды  қамтамасыз 

ететін  егістіктегі  топырақ  беті  ауданының  оңтайлы  көрсеткіштер 

құруын,  фотосинтетикалық  потенциал  (ФП),  фотосинтездің  таза  өнімін 

(ФТО) ескереді. 

 

2. 


Өнімді 

бағдарламалаудың 

биологиялық 

ұстанымдары 

топырақтың, су, ауа және қоректік заттар режимдерін оңтайландыруына 

байланысты  және    қорғаулы  жерлерде  (теплицаларда),  жасанды  климат 

камераларында т.б. ойдағыдай іске асырылады. Табиғи жағдайда сорттар 

өніміне  барынша  көп  әсер  ететін  жекелеген  факторларды  немесе 

факторлар  тобын  реттейді.  Атап  айтқанда,  жылулық  мелиорация 

картопты,  жүгері  егістіктерін  қырқа  жолдарына  отырғызу,  импульсті 

суару т.б. 

 

3. 



Өнімді 

бағдарламалаудың 

агрохимиялық 

ұстанымдары 

топырақтың тиімді құнарлылығын, өніммен алынатын қоректік заттарды 

еске  ала  отырып,  тыңайтқыштардың  экологиясы  ақталған  мөлшерін 

негіздеуді қамтиды. 

 

Әрбір  өлшем  тыңайтқыштың  шығым  қайтарымын  арттыру  үшін 



тыңайтқыштарды  топыраққа  ең  тиімді  әдіспен  -  локальды,  ленталы, 

тамыр маңы - енгізу керек. 

 

4. 


Өнімді 

бағдарламалаудың 

агрофизикалық 

принциптері 

топырақтың физикалық және физикалық – химиялық (көлемдік масса, су 



 

97 


сіңімділік,  жылу  сиымдылық,  меншікті  кедергі,  топырақ  тығыздығы, 

ылғал 


сиымдылығы, 

топырақ 


кеуектілігі 

т.б.) 


қасиеттерін 

оңтайландыруды  қамтиды,  мысалы  топырақтың  ауа  режимі    саздақ 

топырақтардың көлемдік массасы 1,0-1,2 г/см

3

  аспаса,  құм  және  құмайт 



топырақтардың  көлемдік  массасы  –  1,1-1,4  г/см

3

  болғанда  оңтайлы  деп 



есептеледі. 

 

5.  Өнімді  бағдарламалаудың  агрометеорологиялық  ұстанымдары- 



бұл  деген  сөз  климат  көрсеткіштерін  тиімді  пайдалану  арқылы  егістік 

өнімін негіздеу, өсіп-даму кезеңіндегі қажетті жағдайларды болжау т.б. 

 

6.  Өнімді  бағдарламалаудың  агротехникалық  ұстанымдары 



дақылдардың  оңтайлы  технологиясын  жасап  өндіріске  енгізуге 

негізделген,  сонымен  қатар  нақтылы  топырақ-климат  жағдайлары  мен 

сорттардың  биологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  барлық 

агротехникалық  жұмыстар  кешенін  мезгілінде  және  сапалы  жасауға 

бағытталған. 

 

Сонымен  егістіктің  өнімділігін  арттырудың  аса  маңызды  міндеті- 



фотосинтез  үрдісінде  күн  сәулесі  радияциясын  пайдалануды  барынша 

арттыру,  мұның  өзі  дақылдар  мен  сорттардың  биологиясын,  егіншілік 

пен  өсімдік  шаруашылығының    негізгі  заңдары  мен  заңдылықтарын 

неғұрлым  толығырақ  ескеріп,  олардың  қарқынды  технологиясын 

игергенде іске асады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет