Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет13/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   490
Байланысты:
index (15)

Солтүстік-Қазақстан  облысы.

  Облыс  аумағы  Батыс  Сібір 

ойпатының  оңтүстік  бөлігінде  орналасқан,  негізінен  рельефі  жазықты 

және  кәдімгі  қара  топырақты  өңір,  ылғалдану  және  жылумен 

қамтамасыз етілу жағдайлары бойынша облыста екі аймақ ажыратылған: 

орманды  дала  солтүстік

  (ГТК  -  >1,0)  және 



оңтүстік

 

(ГТК  –  0,8-1,0) 



орманды  дала

  және 


орташа  құрғақшылықты  далалы  аймақ

 

(ГТК<0,8). Облыс климаты континенталды, қысы суық, қар қабаты орта 



есеппен 5 айға дейін жатады, күшті желді, жазы ыстық. Орташа жылдық 

жауын-шашын 317 ден (Петропавл маңы) 340 мм-ге дейін (Булаев маңы) 

және  барынша  көп  мөлшері  салыстырмалы  түрде  біркелкі  түсе  отырып 

жазғы  кезеңге  сәйкес  келеді.  Алайда  облыстың  оңтүстік  аудандарында 

300  мм-ден  кем  ылғал  түседі  де  құрғақшылыққа  ұрындырады.  Тұрақты 

қар  қабаты  қараша  айының  бірінші  жартысында  қалыптасады  және 

орташа қалыңдығы 20-30 см-ден аспайды, ауа бозқырауы 15-25 мамырда 

аяқталады, алайда маусым айында да қайталануы ықтимал. Аязсыз кезең 

ұзақтығы  –  110-130  тәулік.  Жауын-шашынның  барынша  көп  мөлшері 

жазғы  кезеңге  сәйкес  келеді,  ең  жоғарғы  деңгейі  шілде  айында  (59-81 

мм) байқалады. 

Айта  кету  керек,  құрғақшылық  жылдары  жауын-шашын  мөлшері 

күрт  азайып  кетеді,  ал  жауынды  жылдары  –  көпжылғы  орташа 

көрсеткіштен  үш  есеге  дейін,  тіпті  одан  да  көп  мөлшерде  түседі. 

Алғашқы  күзгі  бозқыраулар  әдетте  қыркүйектің  ортасына  қарай, 

жекелеген  жылдары  тіпті  тамыз  айында  түседі.  Ерте  күзгі  бозқыраулар 

астық  дақылдарының  толысу  кезеңінде  дәнді  аяз  ұрып,  оның  сапасын 

күрт  төмендетуі  мүмкін  (клейковина  мөлшерінің  азаюынан).  Ауыл 




 

13 


шаруашылығы  дақылдарын  ойдағыдай  өсіріп,  мол  өнім  алу  жолында 

климат  ерекшеліктерімен  қоса,  топырақ  жағдайларының  да  рөлі  зор. 

Жоғарыда атап өтілгендей, Солтүстік Қазақстан облысында кәдімгі қара 

топырақтар  кең  тараған.  Мұнда  топырақ  түзуші  жыныстарға  ауыр 

саздақтар  жатады.  Кәдімгі  топырақтар  типшелерінің  арасында 

карбонатты  және  сортаңды  түршелері  ажыратылады.  Бұл  топырақтар 

суөткізгіштігінің  аздығымен,  нашар  аэрациясымен  және  жоғары 

сусиымдылығымен  ерекшеленеді.  Бұл  қасиеттер  көктемгі  кезеңде 

жыртынды  жерлердің  ұзақ  уақыт  сазды  күйде  болуына  ұрындырады  да 

себу  алдындағы  және  себу  жұмыстарын  дер  кезінде  жүргізуге  кедергі 

келтіреді.  Топырақты  себуге  дайындағанда  дақылдардың  аталған 

ерекшеліктерін ескеруге тура келеді. 

Солтүстік  Қазақстан  облысында  бұрынғысынша  негізінен  жаздық 

бидай өсіріледі, ал соңғы жылдары диверсификация нәтижесінде майлы 

дақылдар  егістігі  (оның  ішінде  майлы  рапс,  күнбағыс)  және  басқа 

дақылдар кеңінен өсірілуде. 



Павлодар облысы

 үш агроклиматтық аймақты біріктіреді: орташа 

құрғақшылықты, құрғақшылықты және құрғақ. 

1. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет