Дәннің даму сатылары (фазалары).
1.
Сулы күй сатысы –
эндосперм жасушаларының қалыптаса бастаған кезі. Дән сулы сұйықпен
толтырылған, ылғалдылығы оның 80-75%, еркін судың мөлшері
байланысқан судан бес-алты есе көп. Құрғақ заттар қалыпты мөлшердің
2—3% ғана құрайды, фазаның ұзақтығы 6 тәулік.
2.
Сүттене пісудің алды
– дәндегі сұйықтың реңі сүт түстес,
өйткені эндоспермде крахмал жинақталады, қабығы жасылдау,
ылғалдылығы 75-70%, еркін судың мөлшері байланысқан судан үш-төрт
есе жоғары, құрғақ заттардың мөлшері 10% жетеді, фазаның ұзақтығы –
6-7 тәулік.
3.
Сүттенген күй сатысы
– дән сүт тәрізді ақ сұйықтан тұрады,
ылғалдылығы 50% дейін, еркін судың байланысқан суға қатнасы 1,5:1,0.
Құрғақ заттар толық піскендегі массасының 50% құрайды.
4.
Қамырланған күй сатысы -
эндосперм қамыр консистенциясына
тән. Хлорофилл ыдыраған, тек қана дәл тілігінде сақталған
ылғалдылығы 42%-ға дейін төмендейді. Еркін судың байланысқан суға
қатнасы 1:1. 85-90%-ға дейін құрғақ заттар жинақталған (толық пісуден).
Фазаның ұзақтығы – 4-5 тәулік. Қамырланған күйдің соңында жекелеген
жылдары Қазақстанның орманды-дала аймағында бидайды дестеге шаба
бастайды.
5.
Балауыздана пісу сатысы —
эндосперм балауыз түрінде,
серпімді, қабығы сары, дән тілігінде хлорофилл жоқ, дәннің
ылғалдылығы 20%-ға дейін төмендейді. Дәннің көлемі фаза соңында ең
жоғарғы (максимум) шегіне жетеді, құрғақ заттардың артуы тоқтайды,
фазаның ұзақтығы – 3-6 тәулік.
6.
Қатты пісу сатысы —
тәжірибеде толық пісу деп атайды.
Эндоспермі қатты, көлденең қимасында ұнды немесе шынылы, қабығы
тығыз, терілі, түсі сортқа тән, ылғалдылығы 8-20%. Еркін судың
мөлшері 1-8%, ал фазаның ұзақтығы – 3-5 тәулік.
Әрбір кезең мен фазаның ұзақтығы дақыл түрлері мен сорттарының
ерекшеліктерімен, сонымен қатар қоршаған орта жағдайларымен
(негізінен ауаның температурасы мен) анықталады. Топырақ жақсы
ылғалданғанда орташа тәуліктік температура 16-20°С және ауаның
169
салыстырмалы ылғалдылығы 50% шамасында болғанда дәннің толысуы
мен пісуіне барынша қолайлы жағдайлар қалыптасады (А.Н.
Носатовский, 1965).
Дәннің пісуі масақтың орта бөлігінен, ал шашақтың жоғарғы
бөлігінен басталады. Масақтың, әсіресе шашақтың төменгі бөліктерінің
пісуі әрдайым кешігіп жүреді. Бұл кешігу қолайсыз ауа-райы
қалыптасқанда ерекше байқалады.
Бір гүл шоғыры деңгейінде дәндердің әркелкі пісуін астық
дақылдарының пісу күйін бағалағанда қаперге алған дұрыс. Пісу
үрдістері белгілі бір орташа тәуліктік температурада (16-22°С) қалыпты
жүреді.
Пісу кезеңіндегі температура ережесі Сібірде, Солтүстік
Қазақстанда жылдарға қарай тұрақты емес, соның салдарынан дәнді
астық дақылдарының масақтану-балауызданып пісу кезеңінің ұзақтығы
қатты өзгереді. Пісу кезеңіндегі температура ережесі (режимі) мен оның
ұзақтығының арасындағы тәуелділік барлық дәнді дақылдарда
байқалады. Әдетте температураның жоғары шамасы (22°С-дан жоғары)
пісуді тездетеді, ал төмендігі (16°С-дан төмен) қорлық заттардың дәнге
құйылуын баяулатады немесе мүлде тоқтатады. Орташа тәуліктік
температураның төмендеуіне сұлы біршама әлсіз сезінеді.
Масақты астық дақылдарында өсімдіктердің пісуі сабақтың төменгі
бөлігінен басталады. Сұлы мен тарыда әдетте сабанның пісуі (сарғаюы)
дәннен гөрі кешірек жүреді, сондықтан егінді жинау уақытында
сабанның ылдалдылығы жоғары және жасылдау болады.
Достарыңызбен бөлісу: |