Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет167/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ақмола 2.

 ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев 

атындағы  Қазақ  астық  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институты» 

ЖШС-де күздік түрлерін жаздыққа будандастыру тәсілі мен (Лютесценс 

М  –  808  х  Целинная  60)  трансформациялау  арқылы  шығарылған. 

Лютесценс  түршесі.  Сабағы  орташа  жуандықта,  қуыс,  берік, 

жапырылуға  төзімді.  Дәні  жартылай  домалақтау  келген,  қызыл  түсті, 



 

181 


шынылы ірі, негізі жалаңаш, тілігі берік, 1000 санының массасы 33,1-ден 

41,1 г дейін.   

Сорт  орташа  мерзімде  піседі,  Саратовская  29  бақылау  вариантына 

деңгейлес  немесе  1-2  тәулік  ерте  піседі.  Негізгі  аурулар  мен 

зиянкестерге төзімділігі бойынша Саратовская 29 сортынан қалыспайды. 

Ақмола  2  сорты  дәннің  жоғары  физикалық  және  ұндық-нандық 

сапалары бойынша жоғары көрсеткіштермен сипатталады. 1999 жылдан 

Ақмола  облысы  бойынша  пайдалануға  рұқсат  етілген  және  бақылау 

варианты (стандарт) ретінде қабылданған. 

Астана 

–  ҚР  АШМ-нің  «Казагроинновация»  АҚ-ның  «А.И.  Бараев 

атындағы  Қазақ  астық  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институты» 

ЖШС-де  шығарылған  сорт.  Түршесі  –  Лютесценс.  Масағы  призма 

пішінді,  дәндері  ұсақ,  1000  санының  массасы  31,9  г.  Сорт  орташа 

мерзімде,  67-80  тәулікте  піседі.  Биіктігі  орташа,  өнімді  түптенуі  1,24. 

Өнімділігі  жөнінен  стандартты  Саратовская  29  сортының    деңгейінде. 

Бәсекелі  сорт  сынау  жылдары  орташа  астық  өнімі  15,8  ц/га  құрады. 

Жапырылуға  және  шашылуға  төзімді.  Құрғақшылыққа  төзімді  сорт. 

Айрықша  белгілері:  сабақ  бітіктігі  біркелкі  және  жаппай  піседі.  Тот 

ауруына  Саратовская  29  сорт  деңгейінде  төзімді.  Орталық  және 

Солтүстік  Қазақстанның  далалы  және  орманды-дала  аймақтарына 

ұсынылған.  

Целинная  3С

  –  ҚР  АШМ-нің  «Казагроинновация»  АҚ-ның  «А.И. 

Бараев  атындағы  Қазақ  астық  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу 

институты»  ЖШС-де  Шортандинская  25  х  Lее

(Kerya)  х  Лютесценс 



164/6-24  сатылап  будандастыру  тәсілімен  шығарылған.  Түршесі  – 

Лютесценс.  Сабағы  орташа  жуандықта,  қуыс.  Жапырақтары  жасыл, 

орташа  балауыз,  тұтымен  және  ұсақ  түктермен  көмкерілген.  Дәні 

жартылай  домалақ  пішінді  дән  тілігі  (ойығы)  орташа  деңгейде,  1000 

санының массасы 32,0 г жоғары. 

Өсіп-жетілу  (вегетациялық)  кезеңінің  ұзақтығы  бойынша  сорт 

орташа  мерзімде  пісетін  сорттар  қатарына  жатады,  Саратовская  29 

сорты  деңгейінде  немесе  ертерек  піседі.  Табиғи  жағдайда  және 

инфекциялық  ортада  қара  күйе,  қоңыр  тот,  сабақ  тоты  және  жасырын 

сабақты  зиянкестермен  Саратовская  29  деңгейінде  залалданады.  Өнімді 

сорт.  Оның  негізгі  артықшылығы  –  құрғақшылыққа  төзімділігі 

(Саратовская 29 сортына қарағанда 0,2-0,5 баллға жоғары), жапырылып 

қалуы бақылау вариантынан төмен. 

1996 жылдан Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 

пайдалануға рұқсат етілген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет