Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет296/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   490
Байланысты:
index (15)

КҮЗДІК АРПА 

 

Халық  шаруашылығындағы  маңызы

.

  Күздік  арпаны  негізінен  мал 

азықтық  және  жармалық  дақыл  ретінде  өсіреді.  Дәнінде  ақуыздың  аз 

болуы  оны  сыра  қайнату  өнеркәсібінің  құнды  шикізаты  қатарына 

жатқызады.  Дәнінің  құрамында  13,4

ақуыз,  2,0



%

-май,  54,0



%

-  крахмал, 

9,0

%

- пентазондар, 5,7



%

- клетчатка және З,0 % шамасында күл бар.  Арпа 

дәнінен  ұн,  жарма,  кофе  және  сыра  дайындайды.  Нанының  сапасы 

бидайдікіне  қарағанда  нашар  болғанымен,  асқазаны  ауыратын  адамдар 

үшін ол диеталық тағам. 

 Арпа, үй жануарлары мен құстары үшін бағалы концентратталған 

жем. Дақыл сабаны мен топанының, әсіресе бұқтырып 

пайдаланатындарының азықтық құндылығы жоғары. 

Арпа егісін күзде сеуіп және оны ерте орудан жұмысшы қолдары мен 

техникалары  тиімді  пайдаланылады.  Одан  басқа  ерте  орылып-жиналатын 

күздік арпа бірқатар дақылдарға кұнды алғы дақыл. 

Ылғал жеткілікті аудандарда күздік арпадан кейінгі танаптарды аңыздық 

дақылдар  -  тары,  қарақұмық,  судан  шөбі  және  басқа  да  дақылдар  егіп 

пайдаланған дұрыс. 

Жемдік  астықтар  өндірісін  арттыру  міндеттеріне  байланысты  және 

күздік  арпа  жаздықтармен  салыстырғанда  өте  өнімді  болғандыктан,  оның 

егісін  қазіргі  өсірілетін  аймақтардан  да  әрі  қарай  кеңейте  түсу  көзделуде. 

Күздік  арпа  күздік  жауыннан  басқа,  ерте  көктемдік  жаңбыр  ылғалын 

әлдеқайда  толық  пайдалануынан,  құрғақ  онтүстік-шығыс  желдері  болмай 

тұрып ерте пісуінен, сондай-ақ кештеу пісетін жаздық арпанікінен гөрі өте 

толық салмақты дән беруінен жаздықтарға қарағанда көп өнім береді. 

Күздік  арпаның  негізгі  егістері  ТМД  бойынша  -  Солтүстік  Кавказ, 

Украина  және  Орта  Азия  елдерінде.  Біздің  елімізде  күздік  арпа  егістігі 

2009  жылы  15,6  мың  га,  ал  астық  өнімі  -21,3  ц/га  болды.  Азық-түліктік 

және жемдік астық мақсатында күздік арпа Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, 

Жамбыл және Алматы облыстарында өсіріледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет