Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет299/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   490
Байланысты:
index (15)

КҮЗДІК ТРИТИКАЛЕ 

 

Халық  шаруашылығындағы  маңызы

Тритикале-жоғары  өнімді, 

ақуыз, алмастырылмайтын амин қышқылдарына (лизин, триптофан) бай, 

келешегі  мол,  жаңа,  жасанды,  азық  түліктік  және  мал  азықтық  маңызы 

бар  астық  дақылы.  Алғашқы  «бидай-қара  бидай»  буданын  1875  жылы 

Шотландия  ғалымы  Вильсон  алды,  ал  оның  алғашқы  ұрпақ  беруге 

қабілетті будандарын 1888 жылы Германияда Римпау алған. 

Әлемде,  азық-түліктік  дақыл  ретінде  кеңінен  пайдаланылатын 

күздік бидайдың бірнеше кемшіліктері бар:  

-

 



қысқа төзімділігі нашар;  

-

 



көптеген аурулар және зиянкестермен залалданады; 

-

 



кез-келген топырақтарда өсе бермейді; 

-

 



дәнінде лизин аз ж.б.  

Керісінше,  күздіктердің  ішінде  қара  бидай  қыстың  қолайсыз 

жағдайларына ең төзімді өсімдік, көктемде тез қаулап өсуінің арқасында 

жоғары  өнімді  көк  балауса  және  масақ  түзеді,  дәнінің  құрамындағы  

алмастырылмайтын амин қышқылы - лизиннің мөлшері күздік бидаймен 

салыстырғанда әлдеқайда жоғары. 

Тритикале  күздік  бидайдың  нандық  құнды  қасиеттері  мен  қара 

бидайдың  аталған  басымдылықтарын  бойына  жинаған  дақыл. 

Тритикаленің  жаңа,  сапалы,  жоғары  өнімді  формалары  өндіріске 

енгізілуде.  Оларың  ішінде  56-хромосомдық  күздік  және  42-

хромосомдық жаздық тритикале топтарынан алынған будандарға ерекше 

көңіл бөлуге болады. 

Тритикале  дәнінің  құрамындағы  ақуыз  мөлшері  бидаймен 

салыстырғанда 1,0-1,5%-ға, ал қара бидаймен салыстырғанда 3,0-4,0%-ға 

жоғары,  бірақ  клейковинасы  бидайдікімен  бірдей  немесе  2,0-4,0%-ға 

жоғары болғанымен сапасы төмен.  

Тритикале 

дәні 


нан, 

кондитер, 

сыра 

өндірісінде 



және 

құнарландырылған  жем  ретінде  пайдаланылады.  Нандық  қасиеттері 

бидаймен  салыстырғанда  көлемі,  кеуектілігі  төмен  болғандықтан, 

жайылып  кететіндігінен  нашар  болып  есептеледі.  Жоғары  сапалы  нан 

бидаймен  (70-80%)  тритикаленің  (20-30%)  ұнын  қосып  пісіргенде 

алынады. 

Тритикале  сабаны  малға  азық,  төсеніш  ретінде  пайдаланылады. 

Жасыл  балауса,  ерте  дайындалатын  сүрлем,  шөп  ұнын  алу  үшін 




 

313 


тритикаленің  малазықтық  сорттары  себіледі.  Тритикаленің  жасыл 

балаусасы  мен  сүрлемінің  құрамындағы  қорытылатын  протеиннің 

мөлшері  бидайдікі  мен  қара  бидайдікінен  0,5-1,0%-ға  жоғары,  мал 

сүйсініп жейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет