Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет331/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   490
Байланысты:
index (15)

Себу  мерзімі

  ноқат  астығының  өнімі  мен  сапасына  айтарлықтай 

дәрежеде әсер етеді. Дер кезінде және сапалы жүргізілген себу жұмысы 

ең  алдымен  тұқымның  танаптық  өнгіштігін  арттыратын  маңызды 




 

335 


фактор.  Себу  мерзімі  мен  тәсілін,  тұқымның  сіңіру  тереңдігі  мен 

мөлшерін  өзгерте  отырып  тұқымның  өнуі  мен  көктеу  жағдайларын 

тиімді  реттеуге  болады.  Көкшетау  АШҒЗИ-ның  төрт  жылғы  деректері 

бойынша  (В.Л.Винокуров,  1999)  қара  топырақтарда  себу  мерзіміне 

байланысты  мынадай  астық  өнімі  жиналды:  10  мамырда  -  16,2;  15 

мамырда - 12,5; 20 мамырда - 9,1 және 25 мамырда себілгенде - 5,4 ц/га. 

Осы деректсрге сәйкес айтылған институт ғалымдары ноқаттың оңтайлы 

себу  мерзімі  10-15  мамыр  (себу  қабатының  температурасы  8-10°С 

болғанда)  аралығы  деп  есептейді.  Бұл  ерекшелік  ноқаттың  көктеуіне 

ұзақ  уақыт  қажеттілігімен  түсіндіріледі,  оның  егін  көгі  бозқыраудан  аз 

зардап  шегеді,  оның  тұқымдары  топырақтың  сіңіру  тереңдігіне  6-8°С 

жылы болғанда жаппай біркелкі көктейді. 

Еліміздің  әр  аймақтарында  жүргізілген  көпжылдарғы  зерттеу 

деректеріне  сәйкес  ноқаттың  мынадай  оңтайлы  себу  мерзімдері 

ұсынылады:  

-  Қазақстанның  Солтүстік  және  Орталық  облыстарында  – 

мамырдың екінші оңкүндігі (10-20 мамыр); 

-  Оңтүстік  облыстарда  (Алматы,  Жамбыл)  –  ерте  жаздық  астық 

дақылдарымен бір мерзімде себу тиімдірек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет