НОҒАТЫҚ
Халық шаруашылығындағы маңызы
.
Ноғатықты азық-түліктік, мал
азықтық және техникалық дақыл ретінде өсіреді. Ол асбұршаққа
қарағанда ақуызға (белок) бай, бірақ оған пісірілуі мен дәмдік сапасынан
аздап жол береді. Ноғатықтың тұқымдары жоғары қоректілігімен
бағаланады: белоктық заттар - 23-34 %, көмірсулары - 24-45%, май - 0,5-
0,7%, күл - 2,5-3%,және клетчатка - 4,0-4,5%; олардан жарма, консерві,
ұн, крахмал дайындалады. Ноғатық жоғары ақуызды мал азықтық
дақыл: одан құрама жемазық, жасыл балауса, сүрлем, пішен, пішендеме
дайындалады. Мал азықтық мақсатқа сұлы, асбұршақ, күнбағыс және
басқа дақылдармен қоспа түрінде өсіріледі; оның пішенінде 10-11%
қорытылатын протеин (ақуыз) болады. Ноғатық тұқымынан өсімдік
казеині (желімдік материал) өндіріледі, ал ол өз кезегінде фанера,
пластмасса, мата өндірісінде қолданылады. Оның үстіне ноғатық бал
әкелетін өсімдік және көптеген дақылдарға жақсы жақсы алғы дақыл.
Оны сидерат ретінде де өсіруге болады. Ноғатық дақылы аурулар мен
зиянкестерден аз зардап шегетіндіктен оның шаруашылық құндылығы
арта түседі. Ноғатықтың тағы бір ерекшелігі- ол астық жемірлерімен
мүлде жарақаттанбайды десе де болады- улы химикаттармен егістік
өңделмейді, оның үстіне астығын газациялаудың қажеті жоқ, өйткені
онда зиянкестер болмайды.
Ноғатықтың шыққан жері – Оңтүстік Батыс Азия, ал ірі
тұқымдылары – Жерорта теңізі орталығы.
Достарыңызбен бөлісу: |