Астыққа өсіру технологиясы.
Ауыспалы егісте ноғатыққа жақсы
алғы дақылдарға сүріден кейінгі бидай, отамалы дақылдар жатады.
Ноғатық тыңайтқышты жақсы қажетсінеді: фосфор тыңайтқышын
енгізгенде оның астық өнімі 3,0 ц/га дейін, ал толық тыңайтқыштар
(NPK) кешенін қолданғанда өнімі 5,0-6,0 ц/га дейін артады. Ол себу
алдында тұқымды нитрагин бактериалық тыңайтқышымен өңдегенді
қажетсінеді. Топырақты негізгі өңдегенде 60 кг/га ә.е.з. мөлшерінде
фосфор, ал себу алдында ноғатық тез өсіп даму үшін 30 кг/га ә.е.з.
мөлшерінде азот тыңайтқышы енгізіледі.Ноғатыққа топырақ өңдеу
жүйесі асбұршаққа ұқсас. Топырақ өңдеудегі негізгі мақсат - борпас
топырақ қабатын жасау, ылғал жинау, арамшөптерді құрту. Топырақ
өңдеу жүйесі алғы дақылға, танаптардың арамшөптермен ластану
дәрежесіне және алғы дақылдың жинау мерзіміне байланысты өзгереді.
Ерте көктемде топырақ бетін тегістеу, ылғал жабу және арамшөп
тұқымдарын арандату мақсатында тырмалау жүргізіледі. Себу алдында
арамшөптерді құртуға тұқым сіңіру тереңдігіне (5-8см) танап
культивацияланады. Тұқымды себуге дайындағанда оны дәрілеу
маңызды агрошара: 80%-ды ТМТД (3-4 кг/га), 50%-ды фундазол (3кг/га)
ж.б. улы химикаттардың бірімен ылғалдандыра дәрілейді. Ноғатықты
ерте жаздық астық дақылдарымен бір мерзімде жаппай қатардағы
тәсілмен сепкен дұрыс. Себу мөлшері - өсірілу аймағына қарай 0,8-1,5
млн/га өнгіш тұқым ылғалды қабатқа (3-8 см), жеңіл топырақтарда 10 см
дейін тереңдетіледі. Егістікті күтіп-баптау-себуден соң тығыздау, егін
көктегенге дейін және көктеуден кейін жеңіл тырмалармен тырмалау
жұмыстарын қарастырады. Соңынан қажеттілігіне қарай егістік
гербицидтерімен өңделеді. Қатты ластанған танаптарға арамшөп көгін
құрту үшін ноғатыққа сепкенге дейін немесе сепкеннен кейін 50%-дық
Прометрин (3-5 кг/га) немесе оның бак қоспасымен егістік бүркіледі.
Ноғатық асбұршақпен жасымыққа қарағанда біркелкілеу піседі,
бұршаққаптары жарылмайды, ал мұның өзі оны екі кезеңді жинау
тәсілімен көпшілік жемістері піскен мерзімде жинауға мүмкіндік береді.
Дестеге шапқаннан кейін 2-3 тәуліктен соң қайта реттелген астық
комбайндарымен бастырылады. Егер ноғаттықты дер кезінде жинамаса,
онда ол жапырылып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |