Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет337/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

 

ЖАСЫМЫҚ 

 

 

Халық  шаруашылығындағы  маңызы

Жасымық  бағалы  тағамдық 

және малазықтық дақыл. Оның тұқымында 36%-ға дейін ақуыз (орташа 

30,4%), 2% май, 60% азотсыз экстрактивті заттар, 2,5-4,5 % күл, 2,5-4,9% 

жасұнық  бар.  Жасымық  дәні  өте  өте  жоғары  сіңімділігімен 

ерекшеленеді.  Оның  әсіресе    ірі  дәнді  тәрелке  тәрізді  сорттарының 

маңызы  зор.  Қоректілігі,  пісу  және  дәмдік  сапасы  асбұршақтан  асып 

түседі.  Ұсақ  дәнді  жасымық  -  мал  мен  құстарға  тамаша 

құнарландырылған  жем.  Жасымық  сабаны  ұсақ,  жұмсақ  және 



 

339 


малазықтық  сапасы  бойынша  шалғындық  шөппен  тең,  онда  14%-ға 

дейін  шикі  ақуыз  болады.  Жасымықтың  топаны  да  жақсы  жем.,  онда 

ақуыздың  мөлшері  18%  жетеді.  100  кг  пішенге  18,5-22,3  малазықтық 

өлшемнен  және  4,4-4,9  кг  қорытылатын  протеиннен  келеді.  12-15% 

ылғалдылықтағы  пішенінде  16-20%  протеин,  10,2-16,2%  -  ақуыз,  2,1-

3,1% май болады. 

 

Жасымықтың  агротехникалық  маңызы  да  көп  көңіл  бөлуді  қажет 



етеді.  Ол  басқа  бұршақ  дақылдарындай  күздік  және  жаздық астықтарға 

жақсы  алғы  дақыл.  Өнімділігі  асбұршақтан  төмен,  бірақ  жоғары 

агротехникада жақсы өнім бере алады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет