Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет352/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

Өсіру  технологиясы



Ауыспалы  егістегі  орны.

 

Алғы  дақылға  өте 

талғампаз,  майбұршақты  көңмен  тыңайтылған  танапқа  егілген  күздік 

дақылдардан  кейін,  бедеден,  жүгеріден  және  көпжылдық  шөптен  кейін 

орналастырылады.  Қант  қызылшасы,  картоп  және  жүгері  дақылдары  да 

оған жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Ылғал жеткіліксіз аудандарда 

майбұршақтың өзі (ерте пісетін сорттары) күздік дақылдарға жақсы алғы 

дақыл. 


 

Тыңайтқыш  қолдану.

  Майбұршақ  органикалық  және  минералдық 

тыңайтқыштарды  өте  қажет  етеді.  Гектарына  20ц  өнім  түзгенде 

майбұршақ  топырақтан  142  кг  азот,  35  кг  фосфор,  35  кг  калий 

шығындайды. Қоректік заттарды гүлдену-тұқым салу кезінде көп қажет 

етеді.  Топырақтың  сапасына  байланысты  гектарына  15-25  т.  Көң,  60-80 

кг-нан азот пен калий және фосфорит ұны, немесе суперфосфат түрінде 

80-120 кг фосфор енгізіледі. Қышқыл топырақтарға 2-3 тен 8-10 тоннаға 

дейін әк қолданады. 

 

Көңді  толық,  фосформен  калийдің  қажетті  мөлшерінің  жартысын 



сүдігер жырту алдына беріп, қалған минералды тыңайтқыштар мөлшерін 

көктемгі қопсытуда (азот) – тұқым себу кезінде қатарға (түйіршіктелген 

суперфосфат) және үстеп қоректендіруде пайдаланады. 

 

Калий тыңайтқышын ол жетіспейтін топырақтарға ғана қолданады. 



Қышқыл күлгін топырақты жерлерде қолданған молибден тыңайтқышы 

түйнектік  бактериалардың  ауа  азотын  байлау  қабілетін  күшейтеді, 

фотосинтездің  екпінді  жүруіне  жағдай  жасайды.  Ол  үшін  40-50  г 

молибденнен  1,0-1,5  л  ыстық  суда  ерітінді  дайындалады  да  тұқымды 

себер алдында нитрагинмен өңдегенде молибден ерітіндісін қоса береді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет