Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет358/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ботаникалық 

сипаттамасы, 

биологиялық 

ерекшеліктері, 

сорттары. 

 

Үрмебұршақтың (Phaseolus L.) дақыл ретінде бес түрі таралған. 

 

Кәдімгі  үрмебұршақ  (P.  Vulgarus  Savi.).  Бұталы  және  шырмалып 



өсетін формалары бар. 

 

Көпгүлді  үрмебұршақ  (P.  Multiflorus  Wild)  –  ұзын  шырмалған 



сабақты, ақ және қызыл гүлді, өте ірі тұқымды. 1000 тұқымның массасы 

700-1200 г. 

 

Істік жапырақты үрмебұршақ немесе тепари (P. Acutifolius A. Grad.). 



Бұталы  формалары  бар,  бұршаққаптары  жалпақ,  тұқымы  ұсақ.  1000 

санының массасы 100-140 г. Құрғақшылыққа төзімді. 

 

Лимдік  немесе  ай  тәрізді  үрмебұршақ  (P.  Lunatus  L.)  –  тағамға 



пайдаланылады,  бұршаққаптары  сопақ,,  қысқа  және  жалпақ  (жарты 

айлы), 2-3 тұқымды, жеңіл жарылғыш. 

 

Сары  үрмебұршақ  (P.  Aureus  Piper,  Орта  Азияда  –  маш)  –  ұзын 



жіңішке бұршаққапты және ұсақ тұқымды. 1000 тұқымның массасы 30-

60 г. Орта Азия мен Закавказьеде тағам ретінде пайдаланылады, сабаны 

малға жем. 

 

Қазақстанда  негізінен  өздігінен  тозаңданатын  кәдімгі  үрмебұршақ 



өсіріледі.  Бұршаққаптары  өсімдіктің  төменгі  жақтарында  орналасады. 

Бір  мезгілде  піспейтіндіктен  оларды  жинау  біршама  қиындықтар 

туғызады. 

 

Кәдімгі үрмебұршақ – біржылдық бұршақ өсімдігі (Сурет 30). Оның 



бұталы,  шырмалатын  және  жартылай  шырмалатын  формалары  болады. 

Бұталары формаларының сабағы жатып қалмайды, биіктігі 50 см дейін. 

Жапырағы- үштік, гүлшоғыры-2-3 гүлді шашақгүл, гүлдері ақ, алқызыл. 

Жемісі  –  бұршаққап.  Бұршаққаптары  –  ұзын,  домалақ  және  жалпайған, 

түзу  немесе  иілген  болып  келеді.  Тұқымының  пішіні  –  жұмыртқа  және 

бүйрек    тәрізді,  көлемі  орташа  немесе  ірі,  1000  санының  массасы    200-

480 г, түсі ақтан қараға дейін, кейде түрлі-түсті. 



 

353 


 

Үрмебұршақ  өздігінен  тозаңданатын,  ұзақ  күнді  сорттары 

болғанымен қысқа күн өсімдігі, жылу сүйгіш дақыл. 

 

 



Сурет 30.  Үрмебұршақ (бадана):  1, 2  – екінші үштік жапырақ және гүлдену-

жеміссалу  кезеңдеріндегі  өсімдіктер;  3  –  үштік  жапырақ  және  гүлдер;  4  – 

бұршаққаптар; 5 – тұқымдары 

 

 



Өсіп-жетілу кезеңі сортына байланысты 75-120 күн. Тұқымы 10°С 

шамасындағы температурада өне бастайды.Өсімдік көгіне 0°С әжептәуір 

зиян  келтіреді,  0,5-1°С  үсікке  шыдамай  опат  болады.  Өсіп-дамуы  үшін 

оңтайлы  температура  20-25°С.  Үрмебұршақтың  тұқымы  бөртіп  өне 

бастаған  кезде  ылғалға  өте  жоғары  талап  қояды,  бірақ  қажетті 

мөлшерден  артық  ылғалды  қаламайды.  Салқын  ылғалды  жаздары 

антракноз  және  бактериоз  ауруларына  шалдығады,  ал  өнім  жинау 

кезеңіндегі  артық  ылғал  тұқымының  сапасына  кері  әсерін  тигізеді. 

Құрғақшылыққа  асбұршақтан  гөрі  төзімдірек,  бірақ  гүлдену  мен 

жеміссалу  кезеңдерінде  қуаңшылыққа  шыдамайды.  Маш  (сары 

үрмебұршақ),  кәдімгі  үрмебұршақ  пен  тепари  өте  жылу  сүйгіш,    ыстық 

пен құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер тобына жатады. Көлеңкеде өсуге 

бейім болғандықтан үрмебұршақты аралас егісте өсіруге болады. 

Үрмебұршақтың топырақ құнарлығына және құрылымына қоятын 

талабы жоғары. Жеңіл қаратопырақ пен құмбалшықты құнарлы, әгі мол 



 

354 


топырақтарды  жақсы  көреді.  Топырақ  ерітіндісінің бейтарап  және  әлсіз 

сілтілі (рН 6-7,5) реакциясы қолайлы. 

 

Қазақстандағы  кәдімгі  үрмебұршақтың  өсіруге  рұқсат  етілген 



сорттары-  Грибовская  92,  Меркуре,  Триумф,  Эхо  және  Сахарный  764; 

Оңтүстік Қазақстан облысында  сары үрмебұршақтың (маш) Победа 104 

сорты өсіріледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет