Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет425/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   490
Байланысты:
index (15)

Картоп-жарық  сүйгіш  өсімдік.

  Жарық  жетімсіз  болғанда  сабақ 

созылып  кетеді,  жапырақтар  сарғаяды,  буршіктену  мен  гүлдену 

әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондыктан алқапқа өсімдікті дұрыс 

орналастыру  арқылы  бұтаның  жан-жақты  жарықталуын  қамтамсыз  ету 

кажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мумкіндік береді. 

Оптималды  отырғызу  жиілігін  таңдап  алу  сортқа,  отырғызылатын 

материалдың  көлеміне,  ылғалмен  камтамсыз  етілуі  мен  топырақ 

құнарлығына байланысты. 

Нақты жағдайда бір гектарда 40—50 мың м

2

 жапырак беті ауданын 



түзетін  картоп  жиілігі  ең  колайлы  деп  еселтеледі.  Картоптың  көптеген 

сорттары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді 

өсімдіктер қатарына жатады. 

Биологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес  картоп  топырақтың 

борпылдағына,  оның  ауа,  ылғал  өткізгіштігіне  жоғары  талап  қояды, 

органикалық  және  минералдық  заттарға  бай  орташа  саздақ  қышқылдау 

реакциялы  топырақта  жақсы  өнім  береді.  Картоптың  тамыр  жүйесі  мен 

столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режімі тығыздығы 0,9—1,1 

г/см

3

 қара және коңыр топырақта   жасалды. 



Қатты тығыздалған, әсіресе сортандау — сазды топырақта өсімдік 

көгі  кешігіп  (5—7  күн)  шығады,  өсімдіктердің  өсуі  тежеледІ,  тамыр 

жүйесі нашар дамиды, топырақтың беткі кабатында шоғырланады да тез 

өліп  қалады.  Ауыр  сазды  топырақтардың  тығыздығы  1,3—1,4  г/см

3

 

жеткенде  түйнектер  киқы-жиқы  пішінде  түзіледі,  азықтық  және 



тұкымдық сапасын жоғалтады әрі нашар сақталады. 

Мұның  бәрін  Солтүстік  Қазақстан  жағдайында  кең  тараған 

механикалық  құрамы  ауыр  топырақта  және  суармалы  жерлерде  қатты 

ескерген  жөн,  себебі  олар  жаздың  екінші  жартысына  карай  өте 

тығыздалып калады. 

Картопты  колайлы  мерзімде  отырғызғанда  оның  гүлденуі 

маусымның  соңы  және  шілденің  басында,  ал  ортадан  кеш  пісетін 

сорттарында  тіпті  шілденің  аяғында  байқалады.  Қалыпты  өсіп-өну 

кезеңінде  түйнектің  пайда  болуы  әсіресе  аймақтың  солтүстік  бөлігінде, 

айтарлықтай агрометеорологиялық қолайлы жағдайларда өтеді.  

Солтүстік  Қазақстан  аймағында  көптеген  картоп  сорттары 

түйнектерінің  ең  қарқынды  өсуі  тамыз  айына  сәйкес  келеді  де  барлық 

түйнек өнімінің 60-80%, ал кейбір жылдары 93-95 пайызға дейін жетеді. 

Ортадан  кештеу  пісетін  сорттарда  тіпті  қыркүйек  айында  да,  егер  ерте 

күзгі  үсік  өсіп-өнуді  тоқтатып  тастамаса,  өнімге  айтарлықтай  салмақ 

қосылады. 




 

408 


Картоптың  құрғақ  заттарының  құрамында  26  әртүрлі  химиялық 

элементтердің барлығы анықталған. Алайда еліміздің көптеген топырақ-

климат  аймақтарында,  оның  ішінде  Солтүстік  Қазақстанда,  картоп  үш 

негізгі элементті – азот, фосфор, калий – қажетсінеді. 

Топырақтан  қоректік  заттарды  шығындауы  бойынша  картоп 

көптеген  ауыл  шаруашылығы  дақылдарынан  асып  түседі.  Оның  әрбір 

100 ц түйнек өнімі орта есеппен топырақтан 50 кг азот, 20 кг фосфор, 70 

кг  калий  қоректік  заттарын  шығындайды,  бұл  көрсеткіштер  астық 

дақылдарынан  анағұрлым  көп.  Өсімдіктердің  қоректік  заттарға 

қажетсінуі  жапырақ-сабағының  өсуімен  арта  түседі  де  ең  жоғарғы 

деңгейі  (максимум)  бүрлену-гүлдену  кезеңіне,  басқаша  айтқанда 

түйнектердің түзілуі мен пәрменді қорлану кезіне сәйкес келеді. 

Өсімдіктермен  топырақтан  қоректік  заттарды  сіңіру  мөлшеріне 

ауа-райы  жағдайлары,  топырақ  ертіндісінің  реакциясы,  тыңайтқыш 

түрлері ж.б. көп әсер етеді. Ылғалды жылдары және суармалы жағдайда 

картоп  құрғақ  және  суарылмайтын  жағдайға  қарағанда  азот,  фосфор, 

калий  қоректік  заттарын  айтарлықтай  көп  мөлшерде  пайдаланады.  Бұл 

ылғалды  топырақта  қоректік  заттардың  жылжымалы  түрде  болуымен 

және картоптың жерүсті массасының қарқынды дамуымен түсіндіріледі. 

Картоп  қышқыл  ортаның  өсімдігі,  оған  топырақтың  су  сығындысының 

(рН) 5,5-6,5 көрсеткіші қоректік заттарды сіңіруге барынша қолайлы деп 

есептеледі. 

Картоптың биологиялық ерекшеліктері мен тіршілік факторларына 

қажетсінуін  және  топырақ-климат,  метеорологиялық  жағдайларды 

ескере  отырып  ғылыми  негізделген  агротехниканы  қолдану  –  бұл 

маңызды дақылдан мол өнім алудың кепілі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет