Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет102/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқымды  тетразолда  бояу  әдісі

    ұрықтық  тірі  клеткаларының 

түссіз хлорлы тетразолды формазанға айналдыру қабілетіне негізделген. 

Осының  нәтижесінде  тұқымның  ұрығы  қызыл  түске  боялады,  ал  өлі 

тұқымның  ұрығы  түссіз  қалады.  Бұл  әдісті  қолданғанда  дайындалған 

әрбір  жүз  жартыкешті  суда  мұқият  жуады,  соңынан  оларды  стақанға 

салып үстінен 0,5%-ды тетразол ерітіндісін құяды да 20°C жылылықта 1 

сағ.  30  мин.  немесе  30°C  жылылықта  40-50  мин.  уақытқа  қалдырады. 

Тиісті уақыт өткен соң  тұқымды мұқият тексереді. Тіршілікке қабілетті 

тұқымдарға ұрығы боялған тұқымдарды жатқызады. 

Тұқымның  индиго-кармин  немесе  қышқыл  фуксинде  боялу  әдісі 

ұрықтың тірі клеткаларының (жасушаларының) ерітіндіні өткізбейтін, ал 

өлі жасушалардың жеңіл өткізіп боялатын ерекшелігіне негізделген. Бұл 

әдісте  стақандағы  жуылған  тұқым  жартыкештеріне  немесе  қабығы 

алынған  бүтін  тұқымдарға    0,1%-ды    индиго-кармин  немесе  қышқыл 

фуксин ерітіндісін зерттеліп отырған жадығат толық жабылғанша құяды. 

Белгілі бір уақыт өткеннен кейін (бидай, сұлы, арпа, жүгері, қарақұмыцқ 

ж.б.  үшін  10-15  мин.,  асбұршақ,  атбас  бұршақ,  майбұршақ, 

сиыржоңышқа  т.б.  -2-3  сағ.)  тіршілікке  қабілетті  (ұрығы  боялмаған) 

және  тіршілікке  қабілетсіз  (ұрығы  боялған)  тұқымдарды  есептейді. 

Тұқымның  тіршілікке  қабілеттілігін  пайызбен  екі  үлгіні  талдау 

нәтижелерінің  арифметикалық орташа көрсеткіштерімен анықтайды; екі 

талдау  нәтижелерінің  ауытқулары  МҮҚ  талаптарынан  аспауға    тиіс; 

үлгілерді  талдаудың  нәтижелеріндегі  айырмашылықтар  рұқсат  етілген 

ауытқулардан асып кетсе, анықтауды қайталайды. 



 

81 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет