Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


  Тұқымдық жадығаттың  сапасын жақсарту шаралары



Pdf көрінісі
бет109/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

1.10  Тұқымдық жадығаттың  сапасын жақсарту шаралары 

 

Тұқымдық  жадығаттың  сапасын  жақсарту  шараларын  екі  топқа 

бөлуге  болады:  біріншісі  –  тұқымдық  алқаптарда  өсімдіктердің  өсіп-

дамуына арнайы жағдайлар жасау, екіншісі - тұқымды тазалау, сорттау, 

сақтау  және  тұқымды  себу  алдында  өңдеу  шараларын  іске  асыру. 

Төменде екінші топтың кейбір жақсарту шаралары келтірілген. 



Тұқымды  тазалау.

 

Егін  жинағанда  өнім  құрамында  арамшөп 

өсімдіктерінің  тұқымдарының,  жемістерінің,  жеміс  шоғырларының, 

вегетативті 

мүшелерінің 

сынықтары 

және 

негізгі 


дақылдың 

жарақаттанған, семген тұқымдары, топырақ кесектерінің т.б. қоспалары 

болады.  Олар  жиі  түрде  жоғары  ылғалдылықта  болады  да  тұқымдық 

жадығаттың  зеңмен  залалдануына,    өніп  кетуіне,  массаның  өздігінен 

қызып  кетуіне,  ұрындырады.  Сондықтан,  әсіресе  дәнді  дақылдар  мал 

азықтық  шөптер  т.б.  құрамынан  тұқымды  өңдегенде  барынша  құнды 

піскен,  толық  тұқым  фракцияларын  бөліп  алу  өте  маңызды  шара,  бұл 

бастапқы  тазалау,  уақытша  консервілеу,  кептіру,  сорттау  ж.б.  қосымша 

және жанама үрдістерді қарастырады. 

Тұқымды тазалау және сорттаудың нәтижесінде үш негізгі мәселе 

шешіледі: 

1.  Мемлекеттік  үлгіқалып  талаптарына  сәйкес  қоспаларды 

аластатып, негізгі дақылдың таза тұқымдарын алу; 

2. Тұқымдық жадығаттардың физикалық көрсеткіштерін жақсарту; 

3. Егістік мақсатқа барынша өнімді тұқымды бөліп алу. 

Аталған  мәселелерді  шешу  әртүрлі  дақылдар  тұқымдарының 

физикалық-механикалық  қасиеттеріндегі  айырмашылықтарды  жан-

жақты  пайдалануға  негізделген,  олардың  ішінде  барынша  іс-саналық 

маңыздыларына  аэродинамикалық  қасиеттері,  тұқымның  мөлшері  мен 

пішіні жатады. 

Тұқымды  тазалау  және  іріктеу  тұқымдардың  мөлшері,  пішіні, 

беткі  күйі  бойынша  күрделі  тұқымтазалағыш  машиналарда  жүргізіледі. 

Соңғы  уақытта  тұқымды  тазалау  мен  іріктеуде  тұқымның  электрлік 

қасиеттеріне  негізделген  жаңа  тәсілдер  жасалуда.  Бұл  тәсілдер  қиын 

ажыратылатын  қара  сұлы  тұқымдарын  егістік  сұлыдан  бөліп  алуға 

мүмкіндік  береді.  Тұқым  мен  қоспаларды  бірінен  бірін  ажыратудың 

жаңа  тәсілі  -  түстері  бойынша  фотоэлектрон  жүйесінен  өткізу  -  қара 

түсті бөліктер зарядталған ақ түстілерден оңай ажыратылады. 

Тұқымды  күрделі  тұқым  тазалағыш  машиналарда  тазалап, 

іріктеуде електерді (решето) дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Ол үшін 

тұқымдық  жадығатты  қолмен  үлгі  електе  (елеуіште),  немесе 

классификатор  құрылымдарында  елеп,  қандайы  қажет  екенін 




 

87 


анықтайды. Шамалы тұқым тобын машинадан өткізіп, електердің дұрыс 

таңдалғанын тексереді. 

Іріктегенде  тұқымдардың  тек  қана  ірі  бөліктері  ғана  бөлінбейді, 

сонымен қатар биологиялық қасиеттері  жоғары тұқымдар сұрыпталады. 

Болашақ  өнімді  арттырудағы  тазалау  мен  іріктеудің  рөлін  ескере 

отырып,  әсіресе  дәнді  дақылдарда  тазалау  жұмысын  күрделі  тұқым 

тазалағыш машиналарда егінді  жинап алысымен жүргізу қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет