Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Ботаникалық сипаттамасы, өсіру аудандары және астық өнімі



Pdf көрінісі
бет316/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ботаникалық сипаттамасы, өсіру аудандары және астық өнімі

Асбұршақ дүниежүзілік егіншілікте өткен ғасырдың соңында 10 млн. га 

жерде өсірілді, астық өнімі 4-9 ц/га аралығында өзгерді. Оны кең түрде 

Европа елдерінде, АҚШ-да, Канада, Қытай және Үнді елдерінде өсіреді. 

Бүгінгі күні оның Қазақстандағы егіс көлемі 30 мың гектардай. Еліміздің 

құрғақшылықты  оңтүстік  және  оңтүстік-шығыс  аудандарында  оның 

егістігі  шамалы,  бұл  оның  құрғақшылыққа  нашар  төзімділігі  мен 

асбұршақ жемірімен жарақаттану қаупіне байланысты. 

Асбұршақ  (Pisum  L)  бірнеше  түрлерді  біріктіреді,  олардың  ішінде 

барынша  кең  тарағаны  полиморфты  P.sativum  L  -  мәдени  егістік 

асбұршақ (Сурет 24).   

 

Оның  бірнеше  түр  тармақтары 



бар. 

Бастылары: 

кәдімгі 

егістік 


асбұршақ  (P.  Sativum),  ақ  гүлді  және 

тұқымдары  бір  реңді  ашық  түсті  (ақ, 

қызғылт, 

жасыл) 


және 

далалық 


асбұршақ  (Р.Arvense),  қызғылт-күлгін 

және  күңгірт  түсті  гүлдері  бар, 

тұқымдары  қоңыр,  ойықты  немесе 

бұрышты  болып  келеді,  жапырақ 

серігі қызыл антоциан дақты. 

Егістік  асбұршақтың  тағамдық 

және  мал  азықтық  маңызы  бар.  Оны 

аршылған  және  қанттық  сорттарына 

ажыратады.  Аршылған  сорттарында 

бұршаққаптың  қабырғаларында  қатты 

пергамент  қабаты  болады,  оларды 

астыққа өсіреді. Қанттық сорттарында 

пергамент қабаты болмайды, олардың 

бұршаққаптарын 

жасыл 

күйінде 


тағамға пайдалануға болады. 

 Олар негізінен көкөніс шаруашылы-ғында өсіріледі. 

          Сурет 24. Асбұршақ өсімдігі 



 

327 


Асбұршақтың  тамыр  жүйесі  кіндікті,  сабағы  жапырылғыш.  Тек 

қана  штамбалы  сорттарында  оның  жоғарғы  жағы  жуандап  өседі, 

буынаралықтары  қысқа  және  жапырылмайды.  Жапырақтары  күрделі 

қосқауырсынды, бұтақтанған мұртша-лармен аяқталады; сабақ негізінде 

екі  ірі  жапырақ  серіктері  болады.  Гүл  шоғыры  -  шоқгүл,  жемісі  - 

бұршаққап, 3-10 тұқымды. 

Далалық асбұршақ (пелюшка) мал азықтық мақсатқа ғана тұқымға, 

пішенге  және  жасыл  балаусаға  өсіріледі.  Оның  бағалылығы  -  оны 

қоректік  заттары  тапшы,  құмдақ  топырақтарда  өсіруге  болады,  ол  өте 

ерте  піседі  және  тұқым  шаруашылығы  тіпті  солтүстік  өңірлерде 

тұрақты, әрі жақсы сүрі жерді иеленуші дақыл. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет