Биологиялық ерекшеліктері
.
Асбұршақ - барынша ерте пісетін
дәнді бұршақ дақылы. Өсіп - - жетілу кезеңі сортына және өсіру
жағдайларына байланысты 70-тен 140 тәулікке дейін созылады.
Сондықтан асбұршақ жақсы сүрі жерді иеленуші өсімдік барлық
аймақтарда, ал ерте пісетін сорттары оның егіншіліктің солтүстік
шекарасына - 68° с.б. - дейін созылады.
Асбұршақ – өздігінен тозаңданатын өсімдік, алайда жазы ыстық
және құрғақшылықты жылдары ашық гүлденуімен қатар шамалы
мөлшерде айқас тозаңдануы байқалады.
Өсе бастағанда және тіршілігінің алғашқы кезеңінде тамыр жүйесі
қарқынды дамиды да жер үсті массасы баяу өседі. Осы кезеңде
асбұршақты арамшөптер қатты басады. Тамырларындағы түйнектер 5-8
жапырақтары кезеңінде (көктеуден 1,5-2 аптадан соң) қалыптаса
бастайды. Максималды өсуі гүлденудің басынан пісудің басына дейін
байқалады.
Температураға, ылғалға және топыраққа талаптары. Асбұршақтың
жылуға талабы жоғары емес. Оның тұқымдары 1-2°С-да өне бастайды.
Оның өніп-көктеуіне 15-20
0
С, ал дәндерінің толысып пісуіне – 22-26
0
С
жылылық оңтайлы деп есептеледі. Асбұршақтың сорттарына
байланысты өсіп-жетілуіне қажетті белсенді температура жиынтығы
1300-1700
0
С аралығында өзгереді. Асбұршақтың егін көгі қысқа
мерзімді – 6-8
0
С бозқырауды көтере алады.
Асбұршақ тұқымы өзінің массасының 100-110% мөлшерінде
ылғал сіңіргеннен кейін ғана өне бастайды. Ол бүкіл тіршілік үрдісінде
ылғалды біркелкі шығындамайды, барынша көп мөлшерде ылғалға
қажетсінуі (қиын-қыстау кезеңі) бүрлену-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді.
Оның транспирациялық коэффициенті сорттарына, топырақ-климат
және өсіру технологиясына байланысты 300-600 аралығында өзгереді.
Жоғары астық өнімін қалыптастыру үшін қажетті оңтайлы ылғалдылық
топырақтың төмен ылғал сиымдылығының (ТЫС) 70-80%-ды құрайды.
Асбұршақ - кұнарлығы жоғары «бидайлық» топырақтар дақылы. Ол
үшін жеңіл құмдақ топырақтар, қышқыл және сортаң топырақтардың
жарамдылығы шамалы.
328
Қазақстанда астыққа өсіруге рұқсат етілген және кең тараған
сорттары:
Рамонский 77.
Ресейдің қант қызылшасы ҒЗИ-да шығарылған.
Түршесі - вульгатум. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа
төзімділігі жоғары, ауруларға орташа төзімді. 1000 тұқымның массасы
180-250 г. Ақмола, Ақтобе, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қостанай,
Қарағанды облыстарында өсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |