Ботаникалық сипаттамасы мен морфологиясы.
Ноғатық
бұрышты асбұршақ деп те аталады. Дақылда егістік ноғатық (Lathyrus
sativus)
кездеседі. Негізгі сабақтары төрт қырлы, көпшілігі
жапырылмалы, шырмалмалы, кейде тік өседі, биіктігі 1,5 м дейін. Бүйір
бұтақтары өскенде негізгі сабақты басып озады. Жапырақтары бір
жұпты, қос қауырсынды, кейде 2-4 жұпты, ұзынша ланцетті. Көгілдір
күлгін, сары, көкшіл немесе қызғылт гүлді. Ноғатық әдетте өздігінен
тозаңданады. Жемісі –қосқанатты бұршаққап, 2-5 тұқымды. 1000
тұқымның массасы 160-230г (Сурет 26).
337
Сурет 26. Егістік ноғатық: 1. 2 – гүлдену-жеміссалу және дамыған егін көгі
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 – сабақтың жоғарғы бөлігі; 4 – жемістері; 5 –
тұқымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |