Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет78/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   490
Байланысты:
index (15)

Егін  көгінің  толықтығы

  деп  бір  өлшем  егістіктегі  нақты 

жағдайда  егін  көгінің  қажетті  оптимумының  пайыз  мөлшерін  атайды. 

Мысалы,  100  кг/га  себу  керек  еді  (шамамен  1м

2

  алаңнан  200  егін  көгін 



алу мақсатында) нақты себілгені 80 кг/га өнгіш тұқым болды да 160 дана 

егін көгі шықты. Кем себілудің нәтижесінде егін көгінің толықтығы 80% 

ғана  болды  (100  %-дың  орнына).  Кейде  өте  дәл  себілгенде  танаптық 

өнгіштік пен егін көгінің толықтығы сәйкес келеді. 

Далалық 

өнгіштік 

барлық 

жағдайларда 

лабораториялық 

көрсеткіштен  төмен  және  көптеген  факторларға  тәуелді.  Н.Н.  Кулешов 

(1963) 

бұл  факторларды  бес  топқа  бөледі:  тұқым  сапасы, 

метеорологиялық  жағдайлар,  топырақ  жағдайлары;  агротехника;  тұқым 

мен өскінді зақымдайтын аурулар мен зиянкестер. 

Тұқымның  далалық  өнгіштігінің  төмендеуі  белгілі  бір  дәрежеде 

дәнді  және  басқа  дақылдардың  өнімін  азайтады.  Есептеулер 

көрсеткендей,  далалық  өнгіштік  1  пайызға  төмендегенде  егін  өнімінің 

төмендеуі  жаздық  дақылдарда  1,5-2,0  пайыз,  ал  күздіктерде  —  1,0-1,5 

пайыз.  Өнімнің  азаюы  әрі  сабақ  бітіктігінің  есебінен,  әр  өсімдік 

өнімділігінің  төмендеуінен  болады.  Далалық  өнгіштік  төмен  болғанда, 

аңызға себілген көп тұқым зая кетеді. 

М.Қ.  Сүлейменов  (1981)  бұрынғы  БАШҒЗИ  (Шортанды) 

зерттеулерін  қорытындылай  келіп,  топырақтың  беткі  қабатында 

жеткілікті  ылғал  қоры  болғанда  және  қарықтап  себу  (бороздковый 

посев)  жүргізілгенде  жаздық  бидайдың  танаптық  өнгіштігі  мен  өнімі 

арасында  тығыз  байланыс  байқалмайтынына  назар  аударады.  Сонымен 

қатар  ол  мынаған  көңіл  бөлуді  ескертеді:  қолайсыз  жағдайларда 

толыққұнды егін көгін алу өнімді қалыптастыруда шешуші рөл атқарады 

(әсіресе төменгі себу мөлшерін пайдаланғанда). 

Көптеген зерттеушілердің деректері бойынша Солтүстік Қазақстан 

аймағында  дәнді  дакылдардың  далалық  өнгіштігі  бірталай  факторларға 

байланысты  67-78  пайыз  шеңберінде,  майлы  дақылдарда  41-81,  мал 

азығындық  шөптерде  36-69,  мал  азығындық  тамыржемістерде  31-60 

пайыз.  Сондықтан  тұқымның  далалық  өнгіштігін  арттыру  —оңтайлы 

егіс  жиілігін  кұраудың  маңызды  шарты  және  ауылшаруашылық 

дақылдарының өнімін молайтудың басты көзі. 

Тұқымның  далалық  өнгіштігіне  әсер  ететін  көптеген  фактор-

лардың  ішінен  ауылшаруашылығында  ерекше  маңызы  бар  мыналарды 

бөліп  алуға  болады:  тұқым  сапасы,  топырақ  жағдайлары,  дақылдың 

өсіру ерекшеліктері ж.б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет