Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Тұқым  сапасының  танаптық  өнгіштікке  әсері



Pdf көрінісі
бет79/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқым  сапасының  танаптық  өнгіштікке  әсері.

 

Толық  бағалы 

әрі  біркелкі  егін  көгін  алу  көп  жағдайда  тұқым  сапасына  байланысты: 

өну  энергиясы  мен  өнгіштігіне,  жарақаттануына,  физикалық  пісіп-

жетілуіне, біркелкілігіне, ірілігіне т. б. 



 

53 


1.  Тұқымның  лабораториялық  өнгіштігі  айтарлықтай  дәрежеде 

далалық  өнгіштікті  анықтайды.  Әдетте,  лабораториялык  өнгіштік 

төмендеген сайын далалық өнгіштік те төмендейді. Н.Н. Кулешов (1963) 

белгілегендей,  лабораториялық  өнгіштіктің  аздап  төмендеуінің  өзі 

далалык өнгіштікке қатты әсерін тигізеді. 

Егістікті  лабораториялык  өнгіштігі  төмен  бірақ  жоғары  себу 

нормасымен себу мына себептермен ақталмайды: біріншіден, бұл үлкен 

тұқым  шығынына  әкеліп  ұрындырады;  екіншіден,  өнгіштігі  төмен 

тұқымдардың  тіршілігіне  қабілеттілігі  нашар  және  жоғары  өнгіштегі 

тұқымға  қарағанда  далалық  өнгіштігі  анағүрлым  төмен  болады. 

Сонымен  қатар  далалық  өнгіштік  пен  егін  сиреуінің  арасында  тікелей 

байланыс  бар.  Сондықтан  кондициясыз  тұқымдарды  кондициялы 

тұқымға айырбастаған жөн.  

2.  Тұқымның  жарақаттануы  далалык  өнгіштіктің  төмендеуінің 

басты  себептерінің  бірі.  Көп  авторлардың  көрсеткеніндей  егін  жинау 

кезінде  және  жинағаннан  кейін  өңдегенде  жарақаттанған  тұқымдар 

тұқымның  өнуі  мен  қалыптасуына  ғана  зиянын  тигізіп  қоймайды, 

сонымен  бірге  өсу  үрдісін  кешеуілдетеді,  өсімдік  өнімін  азайтады. 

Далалық өнгіштікті әсіресе тұқым ұрығының жарақатталуы төмендетеді 

және  олар  сепкеннен  кейін  қолайсыз  өну  жағдайына  кездессе  бұл 

құбылыс  күшейе  түседі  (ылғал  жетімсіздігінен,  температураның  төмен 

болуынан т. б.). 

Кезінде қазіргі С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің оқу-тәжірибе 

шаруашылығында жүргізілген зерттеулерде жаздық бидайдың танаптық 

өнгіштігі  бақылау  вариантында  60,3%  болғанда  эндоспермісі 

жарақаттанғанда  –  51,0,  ал  ұрығынан  жарақаттанғанда  28,6%-ға  дейін 

төмендеді [2]. 

Соған  қоса,  жарақаттанған  тұқымдар,  әсіресе  қабықсыздары, 

микроорганизмдердің  өнуі  мен  кебеюінің  негізгі  объектісі  болып 

шығады.  Олар  қорлық  қоректік  заттарды  шығындап,  әр-түрлі  аурулар 

қоздырады,  ұрықтың  өлуіне  әкеліп  соқтырады.  Қазіргі  заманғы  егін 

жинау  мен  жинағаннан  кейінгі  астықты  механикаландырылған  әдіспен 

баптаудың  нәтижесінде  тұқым  жарақаттануын  болдырмау  мүмкін емес, 

бірақ егін жинауды қолайлы және қажетті мерзімінде өткізу, барабанның 

айналу салын дұрыс реттеу, барабан мен деканың арасындағы кеңістікті 

және  астық  тазалағыш  машиналардың  дүрыс  реттелуі  аркылы 

жаракаттануды анағүрлым төмендетуге болады. 

3.  Тұқым  ірілігі  мен  ауыр  салмақтылығы  далалык  өнгіштікке 

айтарлықтай  әсер  етеді,  бірақ  әртүрлі  жағдайларда  бұл  бір- 

келкі байқалмайды. Тұқым эндоспермі қоректік заттармең неғұрлым көп 

қорланса,  солғүрлым  олармен  ұрық  жақсы  қамтамасыз  етіледі  де 

қуаттырақ  өркен  пайда  болады.  Далалық  жағдайда  мұндай  өркендер 

(өскіндер)  қолайсыз  кедергілерді  жеңіл  жеңеді  және  топырақ  бетіне 

жылдамырақ шығады. 




 

54 


Бұрынғы Ақмола АШИ-ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының 

деректеріне  (1996)  қарағанда  тұқымның  орташа,  ірі  фракциялары  мен 

олардың  қоспасы  далалық  өнгіштігі  мен  өніміне  айтарлықтай  ықпал 

жасаған жоқ. Бірақ ұсақ тұқымдардың далалық өнгіштігі мен егін өнімі 

ерекше  төмен  болды,  әсіресе  тұқымды  10  см  тереңдікке  сіңіргенде. 

Тұқымның  далалық  өнгіштігі  мен  топыраққа  сіңіру  тереңдігі 

арасындағы,  сонымен  бірге  далалық  өнгіштік  пен  өнімнің  арасындағы 

тікелей тәуелділік өте анық байкалады (3-кесте). 

Бұл  сұрақ  төңірегінде  соңғы  жылдары  жүргізілген  зерттеулерді 

қорытындылай  келіп  мынаны  еске  салу  керек:  ұзақ  уақыт  бойы  ірі 

тұқымның  артықшылығы  және  оларды  жеке  бөліп  алып  тұқымдық 

мақсатқа  пайдалану  қажет  деген  кағиданы  дәнді  дақылдар  үшін 

шешілген  мәселе  деп  қарауға  болмайды.  Себу  үшін  ірі  тұқымды  бөліп 

алудың  қажеті  жоқ,  жалпы  кондициялы  тұқымнан  ұсақ  және  семген 

дәндерді  аластатса  жеткілікті.  Алайда  тұқым  ірілігін  мүлде  есептен 

шығарып тастауға болмайды, өйткені өну күші мен әртүрлі фракциялар 

арасында анық шекара байқалады: тұқым неғұрлым ірі болса, солғүрлым 

өну қуаты мол (бір дақыл немесе сорт шеңберінде). Мүның  өзі далалық 

өнгіштікке әсер етеді. 

4) Өнімдегі тұқымның әртүрлі сапалылығы (әртектілігі) 



 

Кестe 3. Жаздық бидай өнімі және далалық өнгіштігіне тұқым ірілігі 

мен  оның  топыраққа  сіңіру  тереңдігінің  әсері  (А.А.  Цепенко,            С.Қ. 

Мұқатова, Қ.К. Әрінов деректері бойынша, 1998) 

 

Тұқым 


фракциясы 

Тұқым 


сіңіру 

тереңдігі, 

см 

Саратовская 29 сорты  Харьковская 46 сорты 



далалық 

өнгіштік, 

өнім, г/м



2

 

 



далалық 

өнгіштік, 

өнім, г/м



2

 

 



Орташа 

5,0 


70 

122 


68 

100 


 

7,5 


58 

100 


53 

100 


 

10,0 


34 

60 


31 

69 


Ірі+орташа 

5,0 


68 

118 


65 

103 


 

7,5 


56 

106 


53 

101 


 

10,0 


36 

80 


32 

81 


Ірі 

5,0 


64 

123 


61 

108 


 

7,5 


56 

110 


50 

106 


 

10,0 


36 

92 


32 

95 


Ұсақ 

5,0 


52 

110 


54 

97 


 

7,5 


44 

82 


38 

96 


 

10,0 


22 

59 


19 

48 


 

тұқым  бөлігіндегі  далалық  өнгіштіктің  төмендеуі  мен  лабораториялық 

және  далалық  өнгіштіктің  арасындағы  айырмашылықтың  себептерінің 



 

55 


бірі.  Тұқымдардың  физикалық  және  физиологиялық  қасиеттерінің 

әртектілігі  олардың  гүл  шоғыры  мен  масақша  орналасқан  орынымен 

түсіндіріледі,  сонымен  қоса  гүл  шоғыры  (масақ,  сіпсебас)  сабақ 

бітіктігінің  қай  қабатында  қалыптасканына  негізгі,  қуатты  дамыған, 

немесе шабан өркен (подгон) сабақтарда—байланысты. 

Көптеген зерттеулермен ең ірі тұқымдар мен олардың жоғары себу 

сапасы  сұлы  мен  тарыда  сіпсебастың  жоғары  бөлігінде,  кара  бидай, 

бидай,  арпада—масақтың  орта  бөлігінде,  ал  қарақұмық,  ас  бұршақ, 

ноқат, ноғатықта — төменгі бүршіктерде қалыптасатыны анықталды. 

Тұқым  әртүрлі  сапалылығының  далалық  өнгіштігін  арттыру  үшін 

ірілігіне  қарай  ең  жақсы  фракцияларды  іріктеу  арқылы  бөліп  алу  және 

ұсақ әрі семген тұқымдарды аластату қажет. 

5.  Тұқымның  физиологиялық  піскендігі  далалық  өнгіштікке 

айтарлықтай  әсер  етеді.  Биологиялық  тыныштық  кезеңін  өтпеген 

тұқымдарды  егіске  пайдаланғанда  олардың  далалық  өнгіштігінің 

айтарлықтай  төмендейтіндігі  байқалады.  Бұл  құбылыс  күздік  астық 

дақылдарын  жаңа  жиналған  тұқыммен  сепкенде  және  жаздық  дәнді 

дақылдарды  еліміздің  солтүстік-шығыс  аудандарында  тұқымның 

толысуы  мен  пісу  кезеңінде  температурасы  мен  ылғалдылығы 

құбылмалы ауа-райы қалыптасқанда байқалады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет