Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты


Тақырып 3. Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегі-



Pdf көрінісі
бет10/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
27 (1)

Тақырып 3. Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегі-
қазақ педагогика ғылымының қайнар көзі 
 
«Құтты білік» еңбегі қазақ педагогика ғылымының 
қайнар кӛзі болып табылады. Ӛйткені еңбектің негізгі 
идеясы педагогиканың ең маңызды мәселесі тәрбиеге 
негізделіп, оның мазмұнында педагогиканың жалпы 
негіздері, дидактика және тәрбие теориясының негізгі 
мәселелері, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған 
адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене, құқықтық, т.б. 
тәрбие мазмұны қарастырылады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып 
қарасақ, «Құтты білік» дастанының бүгінгі адамзат қоғамы 
үшін құндылығы мынада болып табылады: 
-
«Құтты білік» - халықтың құты, ырысы болған ілім; 
-
ұрпақтарға, адамға бақыт сыйлайтын, құт әкелетін 
білім; 
-
ғасырлар бойы кӛзі ашық, кӛкірегі ояу ұрпаққа 
адамдық, 
азаматтық 
қасиеттерін, 
адалдық 
дәстүрлерін 
бойына 
сіңіріп, 
жан-дүниесіне 
дарытатын тәрбие тұжырымдамасы. 
Ғұламаның ӛзі «Кітап атын «Құтадғу білік» қойдым – 
Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың» дей отырып, 
дастанның әрбір адам үшін құндылығын аша түседі. 
Академик А.Н.Кононовтың сӛзімен айтсақ: «...дастанда 
қай заманда болмасын барлық халықтарды толғандырып 
келген жалпы адами идеялардың, ізгі мұраттар мен 
ойлардың ӛзіндік ерекше кӛркем де, аса айшықты 
бейнеленуі» [5.Б.7] оның адамды тәрбиелеу мәселесінде 
ӛміршеңдігін білдіреді. Сонымен бірге ол «Құдатғу 
біліктің» авторы ӛзінің дидактикалық мақсаттарына халық 
даналығын, түркі халықтарының ақындық ауыз әдебиетін, 


мақалдарды, мәтелдерді, қанатты сӛздер және тағы 
басқаларды кеңінен пайдаланады» - деп жазды. Мұның ӛзі 
еңбектің халық педагогикасымен тығыз байланыстылығын 
кӛрсетіп, онда нағыз түркі халқының бала тәрбиелеуде 
қолданған әдіс-тәсілдері мен құралдары негізге алынғанын 
дәлелдейді.
«Құтты білік» тамырын тереңге жайған 
дидактикалық шығарма екендігі туралы А.Н.Кононов былай 
жазады: «Бұл жанр ертедегі египеттіктерде, үнділерде, 
арабтар мен парсыларда, ал бертін Ренессанс дәуірінде, 
яғни «Құтадғу біліктен» кейін бес ғасырдан соң 
европалықтарға белгілі болды» [5.Б.5]. Мұның ӛзі чехтың 
ұлы педагогы Я.А.Коменскиийдің «Ұлы дидактика» атты 
еңбегі алты ғасырдан кейін ХVІІ ғасырда жазылғанын, ал 
«Құтты білік» ХІ ғасырда жазылып, педагогика ғылымының 
қайнар кӛзі болып табылатындығын нақтылайды. Себебі, 
Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанында педагогика 
ғылымының барлық маңызды мәселелері қарастырылады. 
Ғұламаның еңбегінде педагогиканың негізгі ұғымдарының 
анықтамасы қазіргі педагогикадағыдай ғылыми тұрғыдан 
негізделмегенімен, дастанда оның тәрбие мен оқыту 
мәселелері бойынша ой-пікірлері мен кӛзқарастары анық 
байқалады. 
Мысалы, 
Ж.Баласағұни 
ӛз 
еңбегінде 
педагогикаға ғылым ретінде анықтама бермейді, бірақ 
«Құтты білік» адам тәрбиесі туралы ғылымның негізін 
құрайтын еңбек екенін оқыған адам бірден түсінеді, яғни 
Ж.Баласағұни «педагогика» терминін қолданбағанымен, сол 
ғылымның мазмұнын баяндап тұрғанына ешкім күмән 
келтірмейді; 
Ж.Баласағұни 
тәрбиенің 
анықтамасын 
бермейді, бірақ оның ілімінен тәрбие деп оның басшы-
ұстаздың тікелей басқаруымен арнайы ұйымдастырылған 
ортада тұлғаны қалыптастырудың мақсатқа бағытталған 
және ұйымдасқан процесін түсінгенін аңғаруға болады.


Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегінде тәрбиенің 
мақсатына ерекше мән беріледі. Еңбекте тәрбиенің түпкі 
мақсаты ретінде текті, парасатты адамды тәрбиелеу 
кӛзделеді. Мұның ӛзі қазіргі педагогикадағы тәрбиенің 
негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани 
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, 
еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер 
қалыптасқан адамды тәрбиелеумен ӛзара үндесіп жатыр. 
Ғалым Т.Ә.Ахметов ӛз зерттеуінде Ж.Баласағұнидің тәлім-
тәрбиелік 
идеяларын 
тарихи-педагогикалық 
және 
аксиологиялық тұрғыдан талдап, дастандағы адами 
құндылықтар жүйесіндегі «Текті, парасатты, иманды кісі» 
бейнесін жасайды. Аталмыш бейнені ғалым былайша 
сипаттайды: 
«Біріншіден, адамдар ӛмір сүретін қоғамның тӛрт 
тұғыры «Құтты білік» кейіпкерлерінің тағылымдық 
принциптеріне сәйкес болуы керек. Олар: әділ заң үстемдік 
еткен, құқықтық мемлекет; бақ-дәулеті дәуірлеген, ырыс-
байлығы тасыған қоғам; қоғам мүшелерінің ақыл-
парасаттылығының биік деңгейі; адамдардың қанағатшыл, 
ұстамды, барға риза болу ӛмір салтын ұстануы. 
Екіншіден, бай, орта кедей болып бӛлінген жалпы 
халықтың 
ұстаным 
бағдары 
тектілік, 
имандылық, 
парасаттылық және кісілік секілді рухани құндылықтар 
болуы керек. 
Үшіншіден, адамның жан дүниесін байытатын ізгілік, 
ақкӛңілділік, мейірбандық, бауырмалдылық, ұяттылық, ар-
ождан, отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік қасиеттер мен 
күнделікті ӛмір сүру тәжірибесіне аса қажетті ақыл-ой, 
саналылық, оқу-білімге құштарлық, біліктілік, кәсіпкерлік, 
еңбексүйгіштік, қайраткерлік, сабырлылық секілді туа 
біткен және жүре сіңетін қасиеттерді дамыту. 


Тӛртіншіден, ел басына әділ, текті, парасатты хан келіп, 
маңайына елдің патриоттары боларлық уәзірлер, бектер, 
әскербасылар, ғалымдар, ақындар секілді т.б. зиялыларды 
жинап, елдегі әлеуметтік топтың тілін тауып, мемлекет 
ішінде саяси-экономикалық тұрақтылық және қоғамдық 
келісім жағдайын орнату» [9.Б.77-78]. Сонымен бірге 
зерттеуде қоғамға қажетті, тәрбиенің негізгі мақсаты болып 
табылатын тұлғаның «текті, парасатты, иманды кісі» 
бейнесі деп алыну себебі ашып кӛрсетіледі: «текті сӛзі – 
тұқым қуалаушылық, парасатты сӛзі тәрбие және оқу-білім 
арқылы берілетін, ал иманды сӛзі тәрбие арқылы іске 
асатын қасиеттер» [9. Б.79].
Қазақстандық 
зерттеуші 
ғалым 
Ә.Н.Кӛшербаева 
Ж.Баласағұнидің педагогикалық мұрасындағы ізгілендіру 
идеяларының дамуын зерттей отырып, оның теориялық-
әдіснамалық негіздемесін жасады. Зерттеуде Ж.Баласағұни 
ұсынған тәрбие жүйесі беріледі. Осы жүйеге сәйкес 
тәрбиенің мақсаты бақытқа жету жолдарын кӛрсету, 
жетілген, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғаны тәрбиелеу, 
азаматты тәрбиелеу болып табылады [8. Б.34]. 
Х-ХІV ғғ. Қазақстандағы тәлімдік ой-пікірлердің 
қалыптасуы мен дамуын зерттеген ғалым К.Ж.Ибраева 
«Құтты білік» еңбегінде тәрбиенің негізгі мақсаты ретінде 
халықтық педагогика арқылы толық адамды қалыптастыру 
екендігін ашып кӛрсетеді. 
«Дастандағы құт-береке мен бақ – толық, жетілген 
адамның еншісі, халықтық педагогика мен психологияның 
мақсаты, анықтамасы, бастау бұлағы. Ақынның айтуынша, 
құттың кілті – кісінің ділі, тілі, қылығын бірдей қамтыған 
жан-жақты жетілуі мен кемелденуі. Діл мен тіл – сол кездегі 
түркі тектес халықтың нысанасы. Толық адам - ӛзінің 
қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл 


адам. Ол – кісілікке жат қасиеттен әбден арылып, тазарған, 
ішкі рухани дүниесі, ділі, діні ағарып, періштелікке бет 
алған адам» [15. Б.57]. 
«Құтты 
білік» 
дастанында 
кейіпкерлердің 
символикалық сипаттары арқылы берілген тӛрт жетекші 
педагогикалық 
идеялардан 
ӛрбитін 
тағылымдық 
құндылықтар тәрбие мақсатына қол жеткізудің кӛзі болып 
табылады. Олар: әділдіктің бейнесі Күнтуды Елік патша 
арқылы берілген бұлжымас әділ заң мен тура жол; 
патшаның уәзірі Айтолды бейнесімен берілген бақ-дәулет, 
ырыс-байлық; уәзірдің баласы Ӛгдүлміш арқылы берілген 
ақыл мен парасат; уәзірдің жұрағаты тақуа жан Одғұрмыш 
бейнесі арқылы берілген қанағат, ынсап, барға риза болу, 
ұстамдылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет