Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет2/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
27 (1)

Пікір жазғандар
педагогика ғылымдарының 
докторы, профессор Г.Ж.Меңлібекова

педагогика ғылымдарының 
докторы, профессор С.Т.Каргин 
 
ISBN 9965-604-81-9

 Әбдікәрімұлы Б., 
Сарбасова Қ. А.,
 
2008


 
 
 
 
 
 
 
Еуразия гуманитарлық институтының Ғылыми-
әдістемелік Кеңесі ұсынған 
 
 
 
Әбдікәрімұлы Болат 
 Сарбасова Қарлығаш Амангелдіқызы 
 
Ж.Баласағұни
педагогикасы 
 
 (оқу құралы) 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
Кіріспе 
Қазіргі таңда әлемдік деңгейде болып жатқан саяси-
экономикалық және мәдени-әлеуметтік қайта құрулар әрбір 
елдің ӛз халқының рухани мұрасы мен мәдениетін қайта 
жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу ұмтылысын айқын 
аңғартып отыр. Этностық қайта ӛрлеу ХХІ ғасырдағы 
адамзат қоғамы дамуының негізгі белгісі ретінде 
қарастырылады. Ынтымақтастық пен басқа халықтардың 
мәдениетіне құрмет жоғары деңгейге қойылған әлемде 
халықтың үйлесімді, әрі бейбіт дамуына мүмкіндік мол. 
Сондықтан 
әр 
халықтың 
тарихындағы 
рухани 
құндылықтарды ой елегінен ӛткізіп, бүгінгі күннің 
жалпыадамзаттық игілігіне айналдыру басты міндет болып 
табылады.
Қазақ халқының тарихында жас ұрпақты тәрбиелеу 
мәселесі қашанда ең басты орынға қойылған. Ӛз халқының 
ӛркендеуі үшін жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі болуын 
негізгі мақсат деп таныған ғұламалардың бірі ретінде XI 
ғасырда ӛмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп 
Баласағұниді ерекше атауға болады. Ж.Баласағұнидің 
бізге қалдырған асыл мұрасы – түркі тілінде жазылған 13 
мың жолдық «Құтты білік» дастаны. Бұл - саясат, ӛнеге, 
тәрбие, еңбек жӛнінде толғанысқа құрылған, тәрбиелік мәні 
мен маңызы зор, тұлғаның қалыптасуы мен дамуын 
дәріптейтін философиялық және педагогикалық туынды. 
Қазіргі кезде философтар, әдебиеттанушы ғалымдар және 
педагогика саласының мамандары бұл еңбектің қоғамда 
мәдени мұра ретінде алатын орнын және тұлғаны 
қалыптастырудағы ролін ашып кӛрсетіп, оның теориялық 
және практикалық құндылығын дәлелдеп отыр. Мұның ӛзі 


Ж.Баласағұнидің 
педагогикалық 
теориясының 
педагогиканың философиядан бӛлініп шығуы мен оның 
ғылыми жүйеге енуіндегі практикалық мәнін ашып кӛрсету, 
ұрпақ тәрбиесі туралы тұжырымдамалық идеяларының 
негіздерін айқындау, әлемдік педагогикамен үндестігі мен 
сабақтастығын анықтау, бүгінгі таңдағы педагогика 
теориясы мен практикасында алатын орнын бӛліп кӛрсету, 
оларды білім беру жүйесінде қолдану бойынша оқу-
әдістемелік құралдар дайындау сияқты мәселелердің 
шешімін 
табу 
қажеттілігін 
анықтайды. 
Ұлттық 
педагогиканың адамзаттық ӛркениет құбылыстарымен 
терең байланыстылығы, ол үрдісті ӛз мәнінде зерделеу 
егеменді еліміздің жалпыадамзаттық даму жолындағы 
үлесін айқындап, рухани ӛсудің болашақ белестерін саралап 
кӛрсетеді. Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегінің ӛзі 
сонау кӛне заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен рухани 
даму үрдісінің үздіксіз желісін үзбей келе жатқан бастау 
бұлақ, педагогика ғылымының қайнар кӛзі болып табылады. 
Ұсынылып отырған оқу құралында Ж.Баласағұнидің 
ӛмірі туралы қысқаша мағлұмат беріледі, оның тәлімдік ой-
пікірлері 
бүгінгі 
күндегі 
педагогика 
ғылымының 
теорияларымен 
байланыста 
қарастырылып, 
ұрпақ 
тәрбиесіндегі маңыздылығы ашып кӛрсетіледі. 
Оқу құралы тек студенттерге ғана емес, мектеп 
мұғалімдеріне және ғылым тарихымен әуестенуші барша 
оқырманға да пайдалы болады деп сенеміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет