Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді



Дата09.05.2023
өлшемі57,3 Kb.
#176301
Байланысты:
филлософия адам

  • Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
  • Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып
  • жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. Адамды азаптан құтқарудың бұл жолы дұрыс па бұрыс па оны мәселе қылып отырған жоқ, тек буддизм философиясының адам мәселесін ең жоғары биікке көтеріп, өзін түгелдей соған арнағаны жайында болып отыр.
  • Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Конфуций өз ілімінің түп қазығы ретінде «адамсүйгіштік» (жэнь) мәселесін алды. Оның түсінуінше, адам басқа адамдарды өіндей жақсы көру керек, сыйлауы керек , ешкімнің алдын кесіп өтпеуі керек дейді.Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп, философиялық ой түйінін Конфуций: «Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама»-деп, қорытты.
  • Ежелгі грек философияның құрушылардың бірі — Демокрит. Демокрит бойынша, адам — табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да өледі. Оның айтуынша өмірдің мақсаты – бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес.
  • Адам мәселесіне Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Аристотель концепсиясында адам қоғамдық , мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Оның пікірінше, адам – ақылға ие қоғамдық жануар. Аристотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу. Оның «алтын аралық» деп аталатын моралдық доктринасы адамның жандүниеснің сырын ашуға негізделген.
  • Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру
  • арқылы бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт — әр адамның көздейтін мақсаты. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамның үш түрлі тамаша табиғи қабілеті болады: 1) ерекше жасалған дене құрылысы; 2) жан құмарлықтары; 3) ой-парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табииғат берген қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқты жеңуді жолы – аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасаты оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже туғызатын дәрежеге жеткізу.
  • Мұны іске асыру: адамға және мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай болса да іс-қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, үшқаралықтан сақтану керек. Себебі әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттің аралығынан туады.
  • Мұны іске асыру: адамға және мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай болса да іс-қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, үшқаралықтан сақтану керек. Себебі әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттің аралығынан туады.
  • Ортағасырлық діни философияда адам обастан-ақ біріне-бірі қарама- қарсы екі бастаманың: тән мен жанның іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндіріледі. Сондықтан мысалы, Августин адамды жаны тәнінен тәуелсіз, өлмейтін жан деп түсінсе, Фома Аквинский адам жан мен тән бірлігі , жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсінеді. Тән өледі, жан өлмейді, о дүниеде құдай алдында жауап береді, сондықтан адам күнәсінан тазару үшін құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады.
  • Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен
  • рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдайдың құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелсіз ақыл-ой иесі, өз өмірінің саналы субъектісі деді. Адамның тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиетте деп таныды.Сол заманның философтары Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза осыны үндеді. Француз философы Рене Декарттың: «мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін» -деген қанатты сөзінің мәні осында.
  • Философияда біртіндеп адам бейнесі мен адам табиғатына деген негізгі ойлар қалыптаса бастады.
  • Антикалық философтар, әсіресе натурфилософтар адамды ғарыш бейнесі, «шағын дүние», микроғарыш ретінде қарастырды.
  • Сократтан бастап антикалық философтар адамды дене мен жаннан құралатын қосарлы жаратылыс деп есептеді.
  • Батыстың ортағасырлық философиясында басты межелеу адам денесі мен жанының арасында ғана емес, «тәндік адам» мен «рухани адам» арасында орын тепті. Адам табиғаты үш бөліктен: дене-жан –рухтан құралады деп түсінілді. Батыстың ортағасырлық діни философтары адамның руханилығы оның ар-ұжданынан, құдаймен байланысынан құралады деп есептеді.
  • Жаңа уақытта адам ерекшелігі зердеде, ойлауда, рационалдылықта деп қарастырылды. Жанның айқын мазмұны – бұл сана. Декарттың (1596-1650) көзқарасы осындай болды, ол өзінің әйгілі: «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін де» деген сөзін айтты. Екі нәрсе айқын: мен өмір сүремін және мен ойлаймын. Жаңа уақыт философияның бастапқы нүктесі – ойлаушы субъект, зерделі адам (Homo Sapiens).
  • Жаңа уақытта «хомо сапиенс» (саналы адам) тұжырымдамасымен қатар, «хомо фабер» (іскер адам) тұжырымдамасы үстемдік жағдайды иеленді. Адамдағы басты нәрсе – бұл әрекетке қабілеттіліктерін іске асыру. Немесе жай ғана әрбір жеке адамның мәні оның әрекеттерінде делінеді немесе бұл әрекет Маркстегі сияқты, қоғамдық мағынада түсініледі. Қоғамдағы басты нәрсе – еңбек, ал жеке адам қоғамның «атомы» болып табылады, онда барлық қоғамдық қатынастар «қиылысады».
  • Жаңа уақыт философияның соңғы өнертабысы – неміс философы Ф.Ницшенің (1844-1900) «асқаралы адамы». Енді зерде ауру ретінде, адамды өлімші қылатын адасу ретінде түсініледі. Ең бастыларына құмарлық, көшбасшылық, шарап, темекі тарту, қиял және әлсіздік атаулыға қарсы наразылық жатқызылды.
  • ХХ ғасырдың философиясы адамның шынайылығын іздестіруді жалғастырды. Феноменолог Гуссерль (1859-1938) адамның шынайы табиғаты ретінде оның санасының тәжірибесін – идеялар-эйдостардың құрылуын, заттар дүниесін және өмірді солармен сәйкестігінде түсінуді жариялады.
  • Философ-аналитиктер адамнан өзінің тілдік қабілеттіліктерін белсенді түрде іске асыратын жаратылысты көрді. Тіл саласында адам нені неліктен және қалай істеу керек екендігін шешеді.
  • Немістің ұлы философы Иммануил Кант XVIII ғасырдың соңында-ақ адам мен адамзат мәнін түсінуге қол жеткізген кез келген ойшыл жауап беруі қажет төрт негізгі сұрақты тұжырымдаған:
  • Мен не біле аламын?
  • Мен не істеуім керек?
  • Мен неге үміттене аламын?
  • Адам дегеніміз не?
  • Аса көрнекті ғалымдар және ойшылдар Рассел мен Эйнштейн термоядролық энергия саласындағы жаңалықтардың нәтижесінде адамзаттың өзін-өзі жою мүмкіндігін сезініп: «Адам екендіктеріңді есте сақтаңдар, қалғанының бәрі туралы ұмытыңдар» деген ұран тастады. Танымның беймәлім тұңғиығына бейсаналылық және интуитивтік саласында бұзып өту адам үшін жаңа сілкіністермен қатерлі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет