Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты


Тақырып 6. Ж.Баласағұни дидактикасы



Pdf көрінісі
бет21/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
27 (1)

Тақырып 6. Ж.Баласағұни дидактикасы 
 
Дастанда оқытудың теориялық негіздері (дидактика) 
сол уақыттың талабы тұрғысынан ӛте жоғары деңгейде 
айқындалған. Дидактиканың негізгі ұғымдары - білім, білік, 
дағды ұғымдарының мәні толық ашып кӛрсетілген (Кесте 
1). 
Кесте 1 – Ж.Баласағұнидің «білім, білік, дағды» 
ұғымдарына анықтамалары 
Білім 
«Білім – інжу, түбінде – анық, қойма сан»; 
«Ақыл, білім ең әз нәрсе, күшті нық, егер 
болса, істет, ұшып кӛкке шық»; «Ақыл-
шырақ, қара түнді ашатын, білім-жарық, 
нұрын саған шашатын»; «Білім-байлық, 
азаймас һәм жоғалмас, еш қарақшы, ұрыға да 
тоңалмас!», т.б. 
Білік 
«Ақылды-ұлы, біл, білімді-білікті, екеуі ұлы 
етер, қонса, жігітті»; «Ақыл қайда болса, 
ұлылық толады, білім кімде болса, сол білікті 
болады»; «Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы, 
білімді сӛз-шырын, жанның құнары»; «білік 
мәнін біл, не дейді білген ер: білім білсең, 
бәле жүрмес іргеден», т.б. 
Дағды 
«Білік берді – адам бүгін жетілді, ақыл берді – 
талай түйін шешілді»; «Оқу-тоқу берер – 
білім, парасат, оның бәрі ақыл емес, қарасақ»;
«Біліп сӛйлеп, біліммен бу тіліңді, ұғып іс қыл 
бастағы ақыл-піріңді», т.б. 


Ж.Баласағұнидің еңбегінде дидактиканың кӛкейкесті 
мәселесі білім беру мазмұны да қарастырылады. Білім беру 
мазмұны арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудағы адам 
баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім 
алуы, білік пен дағдының қалыптасуы, ақыл-ойы мен 
сезімінің 
дамуы, 
таным 
арқылы 
кӛзқарастарының 
қалыптасуы жүзеге асырылады. Ж.Баласағұни білім беру 
мазмұнын білім, білік, дағды, шығармашылық іс-әрекет, 
дүниеге және қоршаған адамдарға қатынас құрайтынын 
негіздеп, мұның ӛзі дүниенің бейнесін қалыптастырудың 
әдіснамалық негізін, мәдениетті қайта жаңғырту мен 
сақтауды, 
мәдениетті 
дамытуды, 
еңбекке, 
оның 
нәтижелеріне, адамдарға қатынасты қамтамасыз ететіндігін 
тұжырымдайды (Сурет 3). 
Ж.Баласағұни ӛзінің педагогикалық ілімін тәрбие 
теориясы мен тәжірибесінде жинақталған құнды дүниелерге 
сүйеніп жасады. Оның педагогикалық ілімінің қайнар 
кӛздері мыналар болып табылады: 
- кӛне түркілердің тәлім-тәрбиелік тәжірибелері
және салт-дәстүрлері; 
- халықтық педагогика; 
- Шығыс (араб, парсы, т.б.) ғұламалары мен түркі 
ойшылдарының ғылыми еңбектері; 
- ислам дінінің және тәңіршілдік наным-сенімдерінің 
қағидалары. 
Ғұламаның кӛне түркілердің тәлім-тәрбиелік мұрасын 
ӛз ілімінің рухани бастауы етіп алғандығы туралы зерттеуші 
Т.Ә.Ахметов былай деп жазады: «Жүсіп Баласағұнидің 
«Құтты білігі» тасқа қашалған Орхон-Енисей жазба 
ескерткіштеріндегі (ҮІ-ҮІІ ғғ.) кӛне түріктердің алғашқы 
әдебиет үлгілерінің занды жалғасы іспеттес. Ондағы 
«Күлтегін» ескерткішіндегі жазулар мен «Құтты білік» 


арасындағы поэтикалық үндестік, рухани туыстық, тілдік 
және сӛздік байланыс туралы мысалдарды кӛптеп келтіруге 
болады. «Тоныкӛк» (Кіші жазу) және «Күлтегін» 
жырларында бірнеше қайтара айтылатын жер-су, тайпа 
аттары, «Ӛтүкен» секілді сӛздер «Құтты білікте» де жиі-жиі 
қайталанып отырады: «Ӛтүкеннің бегі айтқан тебіреніп...» 
(2682-бәйіт). 
Сурет 3 - Ж.Баласағұни еңбегіндегі білім беру мазмұны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет