- текті, парасатты, ізгі,
иманды адамды тәрбиелеу
процесінің
қоғамның
әлеуметтік-экономикалық
қажеттіліктерімен ӛзара байланысы;
-тәрбиенің, оқытудың, білім берудің және дамудың
ӛзара байланысы;
- педагогикалық процестің
екі жақты сипаты бар
(тәрбиеші мен тәрбиеленушінің ӛзара бірлескен іс-әрекеті);
- педагогикалық процестің мақсатқа бағытталуы
қоғамның мақсатын білдіреді, яғни әлеуметтік тапсырыстан
туындайды;
- тәрбиеленушілердің шығармашылық белсенділігі
басқарушының
(ұстаздың)
ойластырылған
және
ұйымдасқан іс-әрекетіне байланысты;
- тұлғаның жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу;
- тәрбие мен ӛзін-ӛзі
тәрбиелеудің бірлігі;
- тұлғаның әлеуметтенудегі қарым-қатынастың шешуші
ролі.
«Құтты білік» еңбегінде педагогикалық процестің
атқаратын қызметін және олардың ӛзара байланысын да
кӛруге болады (Сурет 2).
Тұтас педагогикалық процестің
заңдылықтары оқыту
мен тәрбие принциптерінде бейнеленетіні педагогика
ғылымында анықталған. Принцип – латын сӛзі, негізгі,
бастапқы деген ұғымды білдіреді. Оқыту мен тәрбиеге
қойылатын
талаптардың
бастапқы
белгілі
жүйесін
педагогикалық процестің принциптері деп атайды [89. Б.90].
Ж.Баласағұнидің
педагогикалық
теориясында
тұтас
педагогикалық процестің мынадай принциптерін бӛліп
кӛрсетуге болады:
-
тәрбиелеу, оқыту,
білім берудің мақсаттылық
принципі;
-
ӛмірмен байланыс принципі;
Сурет – 2 – Педагогикалық процестің қызметтері және
олардың ӛзара байланысы
-
табиғатқа сәйкестілік принципі;
-
халықтық принцип;
-
кісілік принципі;
-
түсініктілік принципі;
-
жүйелілік пен бірізділік принципі;
-
тұлғаға бағыттылық принципі;
-
құндылық
бағдар принципі;
-
этномәдени принципі.
Енді осы принциптердің дастандағы кӛрінісіне
мазмұндық сипаттама берейік. Тәрбиелеу, оқыту, білім
берудің
мақсаттылық
принципі
дастанның
негізгі
идеясынан айқын кӛрініп тұрады. Тұлғаны тәрбиелеу ісінде
мақсат-міндеттерді
нақты ойластырып, анықтап алу
қажеттілігін ғұлама ӛзінің негізгі ұстанымы деп біледі:
Ақылы болса, пайдасын ер кӛп кӛрер,
Білім білсе, әзиз тірлік ӛткерер!
Ақыл күллі ісіңді алып шығатын,
Бұл біліммен кӛрер бектер мұратын!
Достарыңызбен бөлісу: