Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философиялык энциклопедиялык сөздік. – М., 1983



бет139/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Әдебиет: Философиялык энциклопедиялык сөздік. – М., 1983.


БОДРИЙАР Жан (1929 ж.т.) – француз эстетигі, мәдениеттанушы және әлеуметтанушы. «Постмодерндік сахнаның магі, гуруы, меланхолик


138

Ницше» сияқты теңеулерге ие болған. Постструктуралистік және пост- фрейдистік «Париж мектебінің» теоретиктеріне жақын ұстанымда болған. АҚШ-тағы осы ағымның көркем тәжірибесіне теориялық талдау берген. Б. өзінің алғашқы еңбектерінде заттар мен «тұтынушы қоғам» құндылық- тарына әлеум.-психологиялық талдау береді. Солшыл радикалдық рухта Б. күнделікті өмірдегі зат-таңбаның үстемдігін, оның тұлғадан жоғары тұрғанын сынайды. Ол заттарды: функционалдық (тұтынушы игіліктер), функционалдық емес (антиквариат, көркем коллекциялар) және метафунк- ционалдық (ойыншықтар, роботтар) деп бөледі және соңғыларын болашақ ұрпақ таңдайды дейді. 80 жылдардан бастап Б. симулякр (табиғилық пен мәдениет жетімсіздігінің куәгері) ұғымын жиі қолданады. Заттық ортаның нарциссизмі жоғалған қуаттың симулякрына айналады. Зат реалдылығы принципі бұзылады, оның орнын фетиш, түс көру, жоба (хэппенинг, қарау- шы және концептуалдық өнер) ауыстырады. Адам өзіне жетіспейтінді затқа таңа береді, тойымдылық жоқ жағдайда мәдениет таңбалық түпсіз тұңғиықпен алмастырылады. Классикалық өнердің түп-қазығын әсемді- лік, білімділік, құндылықтар иерархиясы, субъектілік құрастырса, пост- модерндікте жасанды артефактылар алдыңғы қатарға шығады. Оның орта- лығында субъект емес, объект тұр. Қалыптасқан жағдайда да дейді Б., стратегия таңдау қажеттілігі пайда болды. Үш түрлі стратегия бар. Кәдімгі бағдар – ақылды субъектінің объектіде билік жүргізуге ұмтылуы өткен шақта қалды. Мысқылшыл позиция субъектінің объектіден ой арқылы жоғары тұруына негізделген, ол жасанды, ирреальды болып табылады. Тек объектінің мәжбүрсіз ойын ережелерін қабылдаған фатальдық стратегия ұтымды болып шығады.


Б-дың мәдени концепциясы симуляционизм (Х. Стайнбах, Д. Кунс) мен феминизмнің (С. Шерман, Ш. Левин, Б. Крюгер) көркем тәжірибесіне үлкен әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет