Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы



бет161/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия.
Алматы, 2007.


ВИТГЕНШТЕЙН Людвиг (1889–1951) – аналитикалық философияны жасаушылардың бірі, неопозитивизмнің негізін қалаған. Ол өзінің алғашқы шығармашылық кезеңдерінде логикалық талдауға ден қойып, тілдің логи- калық, әмбебаптық белгілерін, оның ақпараттық-танымдық белгілерін кеңінен зерттеген. Осының айқын айғағы ретінде В-нің 1921 жылы жарық көрген «Логикалық-философиялық трактатын» айтуға болады. Осы шығармасында «әлем мен логиканың» салыстырмалы байланысын тіл мен таным арқылы шешуге ұмтылды. Нақты, дұрыс, анық сөйлемдер мен тілдің маңызы арқылы объективті дүниені тануға болатынын дәлелдеп, білім формасының жалпы негізін жасауға әрекеттенді. Бірақ қайшылықтар мен өзгерістерге толы өмір, әсіресе, адам тағдырының үнемі қылдың үстінде тұратыны В. сияқты ойшылды толғандырмай қойған жоқ. Ол осы тілдің өзі, таным мен логиканың процесі адамдардың шым-шытырық өмірінің формасымен, дүниедегі өзгерістермен тығыз байланысты екенін аңғарды. Сөйтіп, оның философиясы тіл мен сөйлемнің ішкі логикалық жүйесін талдаумен шектелген, әрбір айтылған пікір мен ойдың мәнін ашуға ұмтылды. 1953 жылы жарық көрген «Философиялық зерттеулері» осының айқын көрінісі. В. шығармашылығының осындай екі кезеңінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның бірінші кезеңі тілдің логикасы арқылы математика мен басқа да жаратылыстану салаларының үлкен қарқынмен дамуына жол ашты. Әсіресе лингвистика, психология мен семиотиканы, олардың логикасын, ішкі байланыстарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Батыс Еуропадағы ғылым мен техниканың өркендеуіне, олардың өзін-өзі тереңірек тануына В-нің осы кезеңде зор үлес қосқаны даусыз. Ал екінші кезең алғашқының


154

жалғасы ретінде дами келе оны көптеген жаңалық ашуға бастап әкелді. Ол, ең алдымен, қарапайым ақиқатты анықтауды қолға алды. Яғни тіл мен сөйлемнің ақпараттық-танымдық бейнесі арқылы адам көптеген мәселені шеше алмайды екен. Адам үшін ең басты, көкейтесті мәселе – оның өмірі, мақсаты, бақыты, борышы, тағдыры. Ал бұл мәселелер білімнің шека- расынан тыс жатыр. Оларды білімнің логикасымен түсіну, анықтау оңай емес. Ендеше оларды музыка, поэзия, дін мен философия арқылы өмір тәжірибесінің формалары ретінде ғана сипаттауға болады. Алғашқы кезең- нің өзінде-ақ неопозитивизмнің көш басшысы тіл мен танымның, сөз бен сөйлем мәселелерінің өте қиын процесс екендігін атап көрсетті. Қаптап жатқан шым-шытырық ұғымдар мен түсініктер адамға арналып жасалынып қойған, бірақ оны адастыратын қуыс-қуыс, ұшы-қиыры жоқ жолдар сияқты одан екінің бірі адасып, шыға алмайды. Өйткені осы жолдардың өне бойы толып жатқан белгілер, түсініксіз көрсеткіштер, бұралаң-бұралаң жолдар. Оның үстіне осы шым-шытырық жолдарда түрлі сөздермен, оның тізбектерімен белгіленген философиялық көмескі жарықтар, көлеңкелер, сансыз ұғымдардың «патшалықтарында» әр дәуірдің философтары тудыр- ған елестер қуыс-қуыстарда, шығар тесік таппай адасып жүр. Философтың міндеті осы шытырманға толы қуыстардан адамдарға жол көрсетіп, аман- есен, адастырмай алып шығу. Ал ол үшін, ең алдымен, әрі дұрыс, әрі нақты әдіс қажет. В. өзінің философиялық міндетін осы әдісті тудырудан бастады.


«Менің барлық берерім – әдіс, ал сіздерді жаңа бір ақиқатқа үйрету менің қолымнан келмейтін жүк» дейді ол. Сөйтіп философия жаңа әдіс ұсынды. Бірақ философия В. үшін логикалық тұжырымдардың, дайын нәтижелер мен тәжірибелердің жиынтығы емес, керісінше, шығармашылықтың, іс- қимылдың негізі болатын. Философия теория емес, қызмет. Ол «Мәдениет пен құндылық» атты еңбегінде «Философияны шын мәнінде тек тудыруға болады», – деп өз ойын ашық айтты. Ендеше, философия ғылымдардың, логикалық ойлардың жиынтығы ғана емес, ол өмір сүрудің формасы. Енді философия адамға, оның тағдыры мен тіршілігіне ерекше назар аудара бастады. Философия тек логикамен, таным процесімен ғана айналысып, әдіснама мен жалпы теория мәселелерінен әлемдегі болып жатқан жан түршігерлік процестерден тыс қала алмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет