Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007



бет187/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.


ГИПЕРШЫНДЫҚ – гипермәтін және виртуалды шындық ұғым- дарына жақын, француз философы Жан Бодрийар ұсынған ұғым. Г-ты түсіну үшін шындықты мәтінмен қоса алу керек те, мәтінді гипермәтін ретінде қабылдау қажет, сонда Г. түсінігі шығады. Бодрийар пайымдауынша


176

біз осы Г-та өмір сүріп тұрмыз. Бұқаралық ақпарат құралдары, толассыз ақпарат ағыны адам санасын мүлдем билеп алған. Адам дауыл кезіндегідей кеменің үстінде бір шетінен екіншісіне домалай береді. Мыс., 1991 ж. Ирак пен АҚШ-тың арасындағы соғыс шындық мағынасында болған жоқ. Бұл компьютерлер дисплейі мен видеопроекторлар экранына «отырғызылған» гипермәтіндік соғыс болды. Бұл ешқандай мистика емес, ол Г. метафизи- касы, ояу түс. Тіпті, компьютерлік көркем әдебиет және оның тым болмаса, бір классигі белгілі. Оның фамилиясы да – Джойс, бірақ есімі Джеймс емес – Майкл және ол «Улиссті» емес, компьютерлік роман «Тал түсті» жазды. Бұл романды тек компьютер дисплейінде ғана дәл оқуға болады. Ол Г. түрінде құрастырылған. Клавиштерді басу арқылы оны соңынан басына дейін де, эпизодтарын ауыстырып та оқи беруге болады. Г-та уақыт пен кеңістік жасанды болып шығады: кеңістік – прагматикалық, ал уақыт болса – сериалды. Мыс., Г-та қазіргі оқиғаны суреттей келе, тарихтың терең қойнауларына кетіп қалуға болады, одан болашаққа жету үшін бір кнопка жеткілікті. Г. – адамдық мәдениеттің ерекше бір тілдік бітіміне жатады.




ГИПОТЕЗА (гр. hypothesis – негіз, топшылама) – ақиқаттылығы анықтала қоймаған ғылыми болжау немесе топшылама. Г. ұсыну және оны эксперимент жүзінде тексеру арқылы ғылыми танымда жаңа білімге қол жеткізіледі. Ғылым дамуы тарихының ұзына бойында гипотезалар сілемі жатқаны белгілі. Олардың ғылыми теория құрудағы рөлі зор: алғашында Г. түрінде ұсынылған ғылыми ұйғарымдар өзара бәсекелесіп екшелей келе ақиқат түрінде сипат алып, теорияны құрудың қажетті сәтін анықтайды. Мысалы, қазіргі физиканың ең дамыған теориясы болып табылатын кванттық механиканың қалыптасуы мен дамуы тарихын алатын болсақ, оның бастауында М. Планктың (1900 ж.) кванттық Г-сы жатқаны белгілі. Содан бастап 1927 ж. кванттық механика ғылыми теория ретінде құрылып аяқталғанға дейін, Г. теорияны дамытудың формасы ретінде қызмет жасап отырады. А. Эйнштейннің фотоэффект заңдылықтарын түсіндіруде квант- тық гипотезаны қолдануы, Н. Бордың кванттық постулаттары, Э. Шредингер мен В. Гейзенбергтің математикалық гипотезаларға негізделген зерттеу- лері, кванттық механиканы интерпретациялаудағы әртүрлі гипотетикалық тұрғыдағы тұғырнамалардың (концепциялардың) өзара бәсекесі және т.с.с. Ғылыми проблемаларды шешу Г.-лар ұсыну және оларды тексеру арқылы іске асады және осы үдерісте олар бірін бірі ауыстырып, ақиқат білімге жетуге бастайды. Ғылыми теория құрылғаннан кейін де оның күрделі құбылыстарды түсіндіруде қолданылуы әртүрлі дәрежедегі Г.-лар ұсыну- ды қажет етеді. Ғылыми теориялық таным дамуының сұлбасын былайша өрнектеуге болады: «Проблема – гипотеза – идея – метод – теория». Гипо- тезалық білімге әрқашан ықтималдылық тән екенін ескерсек, Г. ұсыну,


177


негіздеу, тексеру, оның дәлелденуі немесе теріске шығарылуы ләзімінің маңызды екені байқалады. Ықтималдылық ғылыми танымға іштей тән екені анықталады. Қазіргі ғылым методологиясында верификациялаудан гөрі фальсификациялау үдерісінің алға шығуы осыған байланысты.


ГНОСТИКТЕР (грек. gnosіs – білім) – христиан теологиясын Көне Шығыс діндерімен, неоплатонизм және пифагореизммен біріктірген діни философиялық ағым. Г-дің түсінігі бойынша, құдайды тану мүмкін емес. Оны тек материядан тыс құрылуынан танисың. Себебі, материя – зұлымдық, қасірет. Философия тарихында ізі қалған Г. ретінде Мысырлық Валентинді және Сириялық Валентинді атауға болады. Екеуі де ІІ ғ-да өмір сүрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет