Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет299/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
ИДЕНТИФИКАЦИЯ (лат. identificare – сәйкестіру, бірегейлендіру, теңдестіру). Саналы немесе бейсаналы, сәттік немесе тұрақты түрде өзін басқа мәндімен теңдестіру. Арнайы әдебиеттерде қарастырылатын И.: 1) Сәттік И., бұған И. механизмі көмегімен тұлғалық белгілері, құндылық ұстанымдары қалыптасатын баланың рөлдік ойыны мысал болады. Тұрақты И. алғашқы және кейінгі қатардағы болып бөлінеді. Алғашқы И. баланың сәби шағында алғашқыда анасымен, сосын оның жынысына байланысты пайда болады. Кейінгі қатардағы И. жастық шақта, туыстық байланыстардан тыс (оқытушы, жетекші, досы және т. б.) қалыптасады. 2. Топтық И. (әлеуметтік теңдік) өзін қандай да бір әлеуметтік топпен теңестіру, оған кіретінін ұғынып, оның мақсаты мен құндылықтарын бөлісу. Адам өз өмірінде сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша айырмашылықта болатын бірнеше әлеуметтік топпен (мектеп сыныбы, жұмыс ұжымы, бір спорт клубының жанкүйерлері, бір партия мүшелері, бір үйдің, қаланың, мемлекеттің тұрғындары және т. б. болуы мүмкін) теңестіріледі. 3. Өзін көркем шығарма кейіпкерімен теңдестіру. Мұның нәтижесінде шығарма мазмұнын, мәнін жақсы түсіну орын алады. 4. И. психологиялық қорғану механизмінің бір түрі ретінде, бейсаналық деңгейде қатер төндіруші объектіге ұқсаумен байланысты болады. 5. Таным үдерісі ретіндегі И. (белгілі бір салаға жатқызу) немесе қандай да бір объектілерді білу. Бұған адам жадында жазылған эталонмен қабылданатын объектіні салыстыратын перцептивті (демек, қабылдаумен байланысты) И. жатады. И. қазақ тілінде бірегейлену, сәйкестену, етенелесу деген сипаттарда қолданылып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет