Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет301/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
ИДЕОКРАТИЯ мемлекеттік саяси құрылым, билеуші топтың қоғамдық жүйені басқарған кезде мүлік жағдайымен немесе басқа себеп, басымдықтарымен есептеспей, керісінше, нақты, немесе қиялдағы идеал- дарды, идеологиялық доктриналарды басшылыққа алуы.


ИДЕОЛОГИЯ (грек. idea – ой, түсінік және logos – ілім) – адамдардың қоршаған ортаға және бір-біріне деген қатынасын бейнелейтін немесе қоғамдық қатынастардың өзгерістері дамуын бекітетін ой-түсініктердің жиынтығы. Әлеуметтік ақиқаттың идеологиялық бейнеленуі негізінде белгілі бір қоғамдық мақсат-мүдделер жатады. Терминнің түрлі тарихи дәуірлердегі мазмұны әр қалай болды. Алғаш рет Дестют де Трасидің
«Идеология элементтері», Кабанистің «Адамның табиғи және құлықты табиғаты арасындағы қатынастары», Вольнейдің «Моральдің физикалық принциптері» еңбектерінде алғашқы көрінісін тапқан ұғым И. деп аталған. Олар идеялардың пайда болуының жалпы және өзгермейтін заңдарын ашатын ғылымды жасадық деп есептеген. Ақиқаттың шынайы бейнесі ретіндегі И.-ның танымдық құндылықтары болады және ғылыммен қайшылыққа келмейді. Нақты ғылымдар белгілі бір әлеуметтік ортада пайда болатындықтан дүниетанымдық көзқарастардан тыс тұра алмайды, сондықтан, И-мен байланысты болып, күрес алаңына айналады. Оған Коперник ілімін, Дарвин теориясын, Эйнштейннің салыстырмалылық теориясын, кванттық механиканы және т. б. жатқызуға болады.


ИДЕЯ (грек. idea – ой, түсінік) – саналы мақсат пен оның болашақ- тағы танылымының, сыртқы ортаны бейнелеудің, практикалық өзгертудің түрі. Философия тарихынан И. категориясы дамуының бірнеше деңгейін көруге болады. Анаксагор мен Демокрит философиясында оның ақылмен аңғарылатыны айтылады. Ал Платон И-ны сезімдермен емес, парасатпен аңғарылатын және материалдық емес, идеалды мән деп түсінді. Оның философиясындағы И. денесіз, нақты заттардан тәуелсіз ақиқат өмір сүретін объективтік болады. Орта ғасыр философтары И-ны Құдай рухына тән заттар бейнесі деп түсіндірді. Құдай заттарды өз И-сына байланысты түрлерде жасайды, заттар – Құдай ойының бейнесі, Құдайдың өзімен – өзінің сұхбаты нәтижесі. Суретші шығармасын алдымен ойында жасап, сосын қағазға түсіретіні тәрізді, заттар да алдымен Құдайдың ойында И. ретінде өмір сүрді, – дейді Ансельм Кентерберийский.


280

Жаңа дәуір философиясында И-ның пайда болуы, оның танымдық құндылығы, объективтік әлемге қатынасы туралы оны адамның таным үдерісі ретінде қарастырылған алдыңғы қатарлы пікірлер қалыптасады. Мысалы, Локк И-ның тәжірибе жүзінде пайда болғанын негіздейді. И. ұғымының жете зерттелуіне неміс классикалық философиясы өкілдері де ат салысқан. Гегель объективті идеализм тұрғысынан И. ұғымын түсіндіре отырып, оның объективтігі туралы пікірді қорғайды. «И. объективті ақиқат, немесе соған барабар ұғым болады. Егер қандай да бір нәрсе ақиқат болса, ол өзінің И-сы арқылы ақиқат болады немесе, басқаша сөзбен айтқанда, қандай да бір зат қаншалықты ақиқат болса, ол соншалықты өзінің И-сы арқылы ақиқат болады», – дейді. И. өз дамуында: өмір, таным (теориялық және практикалық И.) және абсолюттік идея ретіндегі үш сатылы үдерістен өтіп, объективтік пен субъективтіктің, практикалық пен теориялықтың, өмір мен танымның теңдігін білдіреді. Абсолюттік И. – бұл ойдың бұрынғы барлық қозғалысы жүйесінен тұратын толық ақиқат. И. өз дамуында әртүрлі кемелдік сатыларға жетеді. Бір И-лар айқындыққа жетелесе, басқалары жорамал, жеткілікті дәрежедегі ықтималдыққа ие болып, гипотезалар тұр- ғызуға негіз болады. Ғылым мен практика гипотезаға негіз болған И-ның объективтік ақиқаттығын анықтағанда, ол нақты дамуы арқылы айқындыққа жеткен теорияға айналады. Ғылымда құбылыстар түсіндірмесінде, таным үдерісінің дамуында, жинақталған фактілер мен ашылған заңдар талдауында И. белсенді эвристикалық рөл атқарады.


Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының саяси кеңістігінде күн тәртібіне қойылып, зерделеніп жатқан ұлттық И. ұғымының, «ел бірлігі» доктринасының да мазмұны терең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет