Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет355/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
КУН Томас Сэмюэл (1922–1995) – американдық философ және ғылым тарихшысы, қазіргі постпозитивистік ғылым философиясының көшбас- шыларының бірі. Гарвард университетінің физика факультетінде оқып, 1943 ж. теориялық физика бойынша бакалавр, 1946 ж. магистр, ал 1949 ж. доктор ғылыми дәрежесін алады. Кейін ол ғылым тарихы және филосо- фиясымен айналысып, басты еңбектерін осы сала бойынша жазады. 1958 ж. профессор атағына ие болады. ХХ ғ. 40–50 жылдары ғылым философиясын- да неопозитивизмнің абыройы әлі өте зор болатын. Неопозитивизм өкілдері (М. Шлик, Р. Карнап, Ф. Франк және т. б.) өз зерттеулерінде ғылым тари- хынан абстракцияланып, ғылыми теориялардың формалдық-логикалық құрылымын талдаумен шектелетін. К. батыс философиясында ғылым тари- хына баса көңіл бөліп, ғылым философиясын оның тарихымен тікелей бай- ланыстыра зерделеу қажеттілігіне назар аударған ойшылдардың бірі. Бұл бағыттағы «Коперникандық революция» (1957) деп аталатын бірінші монографиясында, К. астрономия тарихында орын алған ғылыми төңкерісті тәптіштеп талдап, оның мазмұнды тетіктерін айшықтайды. Басты еңбегі 1962 ж. жарық көрген әйгілі «Ғылыми революциялардың құрылымы» деп аталатын монографиясында ол өз идеясын әрі жалғастырып, ғылыми революцияның парадигмалдық тұғырнамасын негіздейді. Бұл тұғырнама


327

бойынша ғылымның дамуы бір сызықты емес, өте күрделі үш сатылы үде- ріс: парадигмаға дейінгі ғылым, парадигмалық (нормалдық) ғылым және экстраординарлық ғылым. Алғашқы сатыда ғылымның дамуында әртүрлі гипотезалар өзара бәсекелесіп, ғылыми қауымдастықтар арасында пікірта- лас өршіп, әрқайсысы өз моделін ұстанып, эклектикалық күй кешетін болса, екіншісінде ғылыми қауымдастықтың барлық мүшелері мойындаған жаңа теорияның туындауы негізінде ғылым мәселелерді шешудің үлгісі ретінде парадигма пайда болып, нормалдық ғылым орнығады. Парадигма дегеніміз


– ғылыми іс-әрекеттің қалыптасқан ережелерінің, стандарттарының, әдістерінің, идеялары мен құндылықтарының, мәселелерді шешу үлгісі болатын жиынтығы. Парадигма пайда болғаннан кейін соның негізінде ғылыми мәселелер бірінен кейін бірі қойылып, табысты шешімін тауып ғылыми прогресс қарыштап алға басады. Біртіндеп берілген парадигмаға қайшы келетін, оның шеңберіне сыймайтын «аномалиялық» фактілер пайда болып, барған сайын көбейіп ғылымның дамуында дағдарыс туындайды, сөйтіп экстраординарлық ғылым сатысы өз күшіне енеді. Мұның нәтиже- сінде жаңа парадигма туындап, ғылыми революция (ескі парадигмадан жаңасына өту) орын тебеді. Осылайша жаңа деңгейдегі парадигмалық (нормалдық) ғылым дүниеге келеді. К. ғылым дамуының психологиялық, мәдени-әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдаяттарын да ескеріп, олардың жаңа парадигманы таңдау мен қабылдау кезіндегі әсерін көрсетуге ұмты- лады. К. ұсынған парадигмалық тұғырнама қазіргі ғылымның философиясы мен методологиясына оң әсерін тигізіп, постпозитивистік дәстүрдің қалыптасуы мен дамуына зор ықпал еткені белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет