Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет362/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Ұлттық идея және қазақ философиясы. Алматы, 2010. 265 б.; Ұлттық тәуелсіздік және қазақ философиясы. – Алматы, 2011. – 265 б.; Қазақ руханияты: тарихи-философиялық және этномәдени негіздер. – Алматы, ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2013. – 375 б.


ҚАЗАҚ ЭТИКАСЫ – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін, моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Этика термині ежелгі грек тілінде «бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы» дегенді білдірді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. Әдеп термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр. Этика ұлттық сипаты айқындалған ілімдер қатарына жатады. Өйткені әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру дағдыларына байланысты ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, тыныс-тіршілігі қалыптасады. Қ. э-сы өзінің көл-көсір молдығымен де, адамгершілік қуат- тегеурінімен де, тарихи айқындылығымен де халықтың рухани өмірінде ерекше орын алды. Қ. э-сының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жыл- дай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Осыдан 2600 жыл бұрын өмір сүрген скиф-сақ ойшылы, «ұлы жеті ғұламаның бірі» Анахарсис (Анарыс) өзінің әдеп және адамгершілік туралы терең пікірлерін айтқан. Мысалы, маскүнемдік туралы ол былай деген: «Бірінші тостақты, әдетте, денсаулық үшін, екіншісін – рахатқа бату үшін, үшіншісін – ардан таза болу үшін, төртіншісін – ақылдан алжасу үшін ішеді». Кіндік Азиядан табылған түріктердің атақты Күлтегін, Тоңыкөк жазуларында татулық, бақыт, дәулет


335

секілді әдеп ұғымдары жиі кездеседі. Қ. э-сының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қазақ топырағында әдеп- тануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым – Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым деп қарастырды. Оның түсінігінше, адам жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек. Жақсылық дегеніміз білім, мейірбандық, сұлулық бірлігінде жатыр. «Бақытқа жол сілтеу» трактатында ойшыл баянды тіршіліктегі адами бақыт туралы сөз қозғайды. Түрік халықтарының этикасын дамытуға үлкен үлес қосқан ғұламалар қатарына Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани және т. б. жа- тады. Қазақ хандығы қалыптасқан кезден бастап Қ. э-сы негізінен ақын- жыраулардың даналық насихат жырларында дамыды. Олардың ауызекі мәдени мұралары – ұлттық қадір-қасиет пен өнегелі әдепті ғасырлар бойы жоғалтпай сақтап қалуға үлкен қызмет етті. Атақты қазақ ақын-жыраулары Асан қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай және т. б. ұлттық әдеп жүйесін заман талаптарына сәйкес жоғары тұғырға көтере білді. Олардың әлеуметтік-этикалық ойлары қазақ халқының әдептік сана- сезімінің қалыптасуына, кейінгі ұрпақты адамгершілік және ұлтжандылық рухта тәрбиелеуге үлкен әсерін тигізді. Қазақстандағы Ресей империясының отаршылдық саясаты халықты рухани жағынан күйзеліске ұшыратты, оның діні мен діліне, әдебіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне нұқсан келтірді. Халықтың тәуелсіздіктен айырылып, бодан болуынан ұлттық мінезде ұнам- сыз қылықтар көбейе түсіп, жасқаншақтық, «құлдық психология» пайда бола бастады. Қазақ елі осындай тұйыққа тіреліп, одан қалай шығуды біл- мей, болашағын ойлап, қабырғасы қайысқан кезде халқымыздың Шоқан, Ыбырай, Абай сынды асыл перзенттері ұлттық әдеп жүйесінің күрделі мәселелерін шешуге ұмтылды. Абай әдеп тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көп көңіл аударады және оны арлылық пен ұяттың баламалары ретінде түсіндіреді. Абай өз халқының бойындағы кісілік қасиеттермен қатар, теріс қылықтарды да қатал сынға алды.


Абай қазақ этикасының түбегейлі ұстанымы – «Адам болудың талап- мұратын» жоғары деңгейге қойды. Қазақ этикасын кәсіби деңгейге көтерген ұлы тұлға – Шәкәрім. Ол өзінің «Үш анық» атты еңбегінде этиканы «ар ілімі» деп атап, әдептанудың көптеген мәселелерін теориялық тұрғыдан талдады. Шәкәрім ар-ождан о дүниеде де бар және осыған сену имандылықтың түп- қазығын құрастырады дейді. «Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты», – дейді ғұлама.


336

Ал әдеп жолы дегеніміз адам баласына пайда тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам өз бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп өз ар-ожданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі қажет. Ар-ожданның мазмұнын нысап, қанағат, тәубе, әділет, намыс құрайды деп түсінеді.


Қ. э-сы Кеңес өкіметі тұсында қайшылықты жағдайда дамыды. Социа- листік құрылыс қазақы әдеп пен мінез-құлық жүйесіне теріс әсерлерін тигізді.
Қ. э-сының басты мәселелері ретінде ұлттық әдеп жүйесін диахрондық және синхрондық талдау, ондағы дәстүр мен жаңашылдықтың арасалмағын айқындау, өтпелі қоғам мен ғаламдану жағдайындағы әдептік реттеу тетіктерін айқындау, нарық пен моральдың, табыс пен ізгіліктің арақаты- насын айқындау, діни әдеп жүйесінің ерекшеліктерін сараптау, т.т. белгі- ленді. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды енгізу мен азаматтық-құқықтық қоғам құру міндеттеріне байланысты кәсіптік этика- лық алғашқы зерттеулер жарияланды. Бұл еңбектерде еліміздегі моральдық ахуалға ғылыми талдау беріліп, өтпелі қоғамға тән ауытқушыл қылықтың өрістеп кетуінің себептері мен халықтың әдеп мәдениетін жоғары деңгейге көтерудің жолдары қарастырылды. Қ. э-сын заман талаптарына сәйкес қалыптастыру мен дамыту қазақ зиялыларының келелі міндетіне айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет