Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Негізгі шығармалары: «Біздің сыртқы дүниені тануымыз». 1915; «Ақи- қаттың



бет455/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Негізгі шығармалары: «Біздің сыртқы дүниені тануымыз». 1915; «Ақи- қаттың маңызын зерттеу». 1940; «Адам танымы, оның өрісі мен шекаралары». 1948.


РЕНЕ Генон (1886–1951) – француз философы. 1912 жылы ислам дін қабылдаған. Интегралды дәстүр ілімінің авторы. Басты жұмыстары: Индуистік ілімдерді зерттеуге жалпы кіріспе (1921), Теософия, немесе,


418

бір жалған діннің тарихы (1921), Спириттердің қатесі (1923), Шығыс пен Батыс, Қазіргі әлемнің дағдарысы, Әлем падишасы, Рухани және уақытша үкімет, Крест символикасы (1931), Болмыс ахуалының көпнұсқалығы (1932), Шығыс метафизикасы (1939), Көп болу патшалығы және уақыт жорамалы (1945) және т. б. Р. ілімінше, гуманизмге және техникалық прогресске қарсы Ақиқат бір түптен шығып, кейін, даму емес, азу үстінде болған. Сондықтан ең игі мақсат, көп болу патшалығынан безіп, бұрынғы ақиқатты тірлікке жету ләзім. Міне, осы мақсатта бұрынғы дәстүрлі танымдарды зерттеп, оларды интегралды дәстүрге айналдыру керек. Бұрын тірлік руханилығы мол сана патшалығы болған. Кейін сол тірлік бұзылып, сана орнын сан басып, әлем көп болу патшалығына ауысқан. Абыл мен Қабыл деген шығармасында Р. осы көп болу әлемінің қарама- қарсы күштері ретінде көшпенділер мен отырықшыларды атайды. Бұл екі таным бір біріне тәуелсіз, бірақ көшпенділер бұрынғы бірлікке, біртұтас Ақиқатқа жақындау. Отырықшылар, керісінше, бұл идеяға қарсы шығып, әлемде шашырандылықты және көп болу нұсқаларын көбейткен. Осының нәтижесінде руханилық азайып, қазір жоқ болудың қасында. Кезінде Қабыл Абылға қалай зұлымдық жасаса, отырықшылар да көшпенділерді жоқ қылады. Міне, осы тұрғыдан Р. дәстүрлі қоғамға бірігуді көксейді. Іс жүзінде тарих қайталанбайды, мұндай қоғамға бірігу мүмкін емес. Сондықтан қазіргі метафизика күйреген заманда Р. идеялары, қанша білімге толы болса да, кертартпалық сипатта көрінеді. Мыс., шайтанның мұнарасы ретінде ол Кеңес Одағы мен Америка Құрама Штаттарын атаған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет