Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А.
Құлсариева, Ә. Әлімжанова ж. т. б. – Алматы, 2007.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.
Қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп, кезең-кезеңмен көшуі туралы жобасы тіліміздің дамуына жаңа импульс беріп, оны әлемдік кеңістікке шығаруға, сөйтіп халықты тілімізді толық меңгеруге ынталандыруға арналған. Ал 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшетін боламыз: осы уақыттан бастап барлық жазбаша дүниелер – БАҚ беттеріндегі жарияланымдардан бастап, кеңселік іс қағаздарын толтыруға дейін тек қана латын тілінде жүргізілетін болады. Оған дейін ақырын үйреніп, кириллицадан латынға біртіндеп өтетін боламыз.
«Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік беруге, білім сапасын арттыруға және ұлттың өзіндік сана-сезімі мен оның тілін дамытуға бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық». Міне, осы шектіліктен арылу үшін, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология саласы бойынша әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару ұсынылып отыр. Бұл бағдарламаның нәтижесі 5-6 жылдан кейін – кітаптар студенттердің қолына тигеннен кейін өз жемісін бере бастайды, сол кезде отандық жоғары оқу орындарының түлектері халықаралық еңбек нарығында бәсекеге төтеп бере алатын болады деп күтілуде.
«Қазақстанның 100 жаңа есімдері» атты жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі жастағы және әртүрлі ұлттардың өкілдері арасынан жоғары жетістіктерге жетіп, отандастарына үлгі боларлық тұлғаларды дүйім жұртқа таныстырады. Осы жобаға енетін 100 жаңа есім қазіргі Қазақстанның бетке ұстар бейнесі ретінде алынады.
«Қазақстанның киелі географиясы» атты жоба еліміздің тарихи-мәдени және символикалық киелі негіздеріне сүйенеді. Бұл жобаға жататын қасиетті орындар – елде туризм индустриясын дамытуға, сөйтіп халықты киелі жерлерге тартуға арналады. Сонымен қатар Елбасы өз мақаласында республикада жаппай спортты дамыту мәселелеріне де көбірек көңіл бөледі. Осы орайда аталған «Туған жер» жобасы елдегі әлеуметтік маңызы зор мәселелерді шешуге, азаматтарды өздері тұратын елді мекендерді абаттандырып, өлкені жандандыруға, дамытуға, сөйтіп жалпы қоршаған ортаны қорғауға баулуға бағытталған.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін шетелге таныстыру жүйесін қолға алуды көздейді. Шын мәнісінде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті мазмұндық жағынан да, қалыптық жағынан да ілгері дамытуға бағытталған. Осы орайда алдымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шетелдік қауым назарына ұсынылып, 2017 жылы 17–19 қазан күндері UNESCO-ның Париждегі штаб-пәтерінде онымен таныстыру рәсімі өткен болатын. Осы шара аясында шетелдік көрермен қазақстандық мәдениеттің әртүрлі бағыттарымен танысып, көптеген мәдени іс-шараларды тамашалады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік қабілеттілігін арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың мәдени білімін және сана-сезімінің жоғары екендігін дәріптеуге бағытталған. Міне, осы сапалардың барлығы қазақстандықтар сүйенетін негізге, тірекке айналуы тиіс.
«Рухани жаңғырту» бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға, зиялы қауым мен жастарды, барлық ұлт өкілдерін Елбасы жариялаған жарқын идеяның айналасына біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық бағыттарын іске енгізу әлеуметтің, ғылыми-эксперттік қауымдастықтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың белсенді түрде атсалысуымен жүзеге асады.
РУХ. Қоғамның рухани саласы – ең күрделі, сонымен қатар, бір қарағанда байқалмайтын құбылыс. Біз желдің бар екенін білеміз. Бірақ, ол көзге көрінбейді. Сол сияқты жалпы Р-ты ешкім ешқашанда көрген жоқ. Бірақ, оның бар екеніне ешкім күмәндәнбайды. Егер «Р.» деген ұғымның шыққан тегін қарасақ, онда грек тілінде ол «пневма» – яғни, ауа, тыныс, үрлеу – деген сөздерге жақын, латын тіліндегі «спиритус» – көрінбейтін, жеңіл, тыныс деген сөздерге жақын мағына береді, ал орыстың «дух» деген сөзінің төркіні «дуновение», «дыхание», – деген сөздерге жақын. Дүниеге ең жалпы түрде қарағанда біз материя мен Р-ты ғана табамыз. Олар бір- біріне контрарлы, қарсы, сонымен бірге, бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Ал осы екеуінің қайсысы дүниенің негізінде жатыр деген сұрақ
– әрқашанда ашық, жоғарыда көрсеткеніміздей, оған ойшылдар әр-түрлі жауап береді. Болашақта да бұл сұрақ ашық болып қала бермек, өйткені, болмыстың шегіне жеткен негіздерін ашсақ, онда біз құдайлық дәрежеге көтерілген болар едік. Алайда, адам Құдай емес, ол кеңістік пен уақытта шектелген пенде, ал дүние – шексіз. Сондықтан да көп жағдайда қарапайым адамдар Р-ты дінмен ұштастырып, оның түп-тамырын Құдайдың күш- құдіретімен байланыстырады. Әрине, бұл ғылыми талдауды талап етпейді, оған тек сену керек. Сондықтан да, бүгінгі адамзат қандай білім мен тех- никаның биік дәрәжесінде болғанымен, миллиардтаған адамдар Құдайға сенеді. Бұл сенім оларға күш-қуат беріп, дұниедегі қиындықтарға тойтарыс беруге көмектеседі. Құдайдан адамды өзіне тартып алу үшін, Мефистофель (зұлымдықтың символы) адамға «сен маған жан-дүниеңді берсең, мен саған мәңгілік өмір, өлместік берер едім», – депті, дейді Гете Мұндай жағдайда,
әрине, адам дене ретінде сақталғанмен, өзінің нағыз адами өзегінен айы- рылып, зұлым пендеге айналар еді.
Кең түрде алғанда, Р. деп біз адамның психикалық өмірінің ең биік, санамен байланысты оны жетілдіруге, кемеліне келуге итермелейтін, дүние мен қоғамды бірлікке, үндестікке шақырып, осы жолда оны өзгертуге бағытталған көріністерін айтамыз. Р-тың қайнар көзі материалдық дүние- нің терең қабаттарына кетеді. Ол заттардың біртұтастығын және бір- бірімен байланыстарын қамтамасыз етіп, оларды жетілуге итермелейтін күш. Уақытында П. де Шарден айтқандай, оны біз молекуланың өз ішкі тартуынан ақ байқауымызға болады. Оны Платон «морфе» (заттың болмыс формасы), Аристотель қайсыбір дененің «энтелехиясы» ( оның болмысын анықтайтын ішкі мақсат-мұраты), В.Г. Лейбниц «монада» (көзге көрінбейтін рухани күш), – деп атап кеткен болатын. Егер өлі және тірі табиғатта оның осы ішкі күштері денесінен бөлінбей өмір сүрсе, адам дүниеге келіп, абстрактылық ойлау мүмкіндіктері пайда болысымен-ақ, олар оның санасында бейнеленіп, неше-түрлі категориялар, принциптер, нормалар, идеялар т.с.с. құндылықтарды тудырады. Сонымен, адам – дене және Р. Денесіз рух, рухсыз – дене жоқ. Дүниенің қызығына салынып, Р-ты аяққа басып, я болмаса, Р-ты биік ұстап, дене қажеттіктерімен санаспауға тағы да болмайды. Р-тың негізгі мақсаты – дүниенің бірлігін, үндестігін қамтамасыз ету, оны жетілдіру болғанымен, шынайы өмірде біз бұрмаланған, қирату, бөлу, қарсы қою, жоюға бағытталған Р-ты да байқауымызға болады. Оны халық «зұлым Р.» – дейді. Руханияттыққа келер болсақ, ол өмірді толыққанды безендіру, материя мен Р-ты бір-біріне қарсы қоймай, бірге жетілдіру, үндестікке жеткізу, адам өмірінің жан-жақтылығын, мейлінше бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |