Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: Бастау, 2008



бет464/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: Бастау, 2008.

Рысқалиев Тлекжан Хасенұлы 1938 жылы 17 желтоқсанда бұрынғы Орал облысы Орда ауданының Азғыр ауылында шаруаның отбасында дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті бітіріп, ауылда еңбек етеді. Кейін әскер қатарында болып, 1962 жылы Киевтің Т. Шевченко атындағы Ленин орденді мемлекеттік университетінің философия факультетіне оқуға түседі. 1968 жылдың қыркүйегінде Қазақ ССР Ғылым Академиясының философия және құқық институтында аспирантураға емтихан тапсырып, күндізгі бөлімге оқуға түседі. Аспирантураны бітірген соң, 1971 жылы Алматы медициналық институтының философия


кафедрасына аға оқытушы болып жұмысқа орналасады. 1975 жылы Философия және құқық институтының диссертациялық Кеңесінде «Становление конкретного историзма Гегеля» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Ғылыми жұмысты жалғастыру мақсатында 1978 жылы Философия және құқық институтына аға ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналасады. 1983-1991, 1995-1997 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында (қазір М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) философия, әлеуметтік- гуманитарлық кафедраларының меңгерушісі болып қызмет атқарады.
1991-1994 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының философия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. 1999 жылы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Философия және саясаттану институтында «Философия тарихындағы даналық мәселесі» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. 2001 жылы Әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі (академик) болып сайланады. 2004 жылдан бастап Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде кафедра меңгерушісі, 2006 жылдан бері профессор болып қызмет атқарады. Т.Х.Рысқалиев философияның, соның ішінде қазақ философиясының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған өзінің мектебін құрды. Республикада бұл салада Т.Х.Рысқалиевтің беделі жоғары.  Бұл арада оның жарық көрген екі кітабы туралы айтудың реті келіп тұр. Олар – «Даналық пен түсініктің үлгілері» мен «Философия тарихына шолу» атты кітаптары. Профессор Т.Х.Рысқалиевтің жетекшілігімен бес кандидаттық диссертация қорғалып, қазір де бірнеше шәкірттері ғылыми жұмыстармен шұғылдануда. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін екі рет (1990 және 2006 жылдары) Ы.Алтынсарин медалімен марапатталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет