Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет460/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
421


РИТОРИКА, шешенді көнер (грек. Rhetorіke – шешендік өнері) – дәстүр- лі ұғымда Р. деп шешендік өнерді, сөзбен сендіру өнерін айтады. «Шешендік

  • дейді, ұлы грек философы Платон – сендіру шеберлігі». Р. тек қана өнер емес, ол – ғылым. «Риторика атасы» Марк Фабий Квинтиллиан оны жақсы сөйлеу өнері және жақсы сөйлеу ғылымы деп атады. Басқа өнер түрлері сияқты Р. да пайда болғаннан бастап-ақ дүниені эстетикалық игеруді қа- жет етті. Р-ның бастауында адамдарды өзінің өнері мен тамсандырылған, иландырған артистер, бишілер мен әншілер тұрды. Алайда Р. рационалды білімділікке, нақты сағымнан, ақиқатты жалғаннан ажырата білуге де негізделді. Сондықтан Р-ның қалыптасуына тек артист емес, сол сияқты логик, философ, ғалым да зор үлес қосты. Р. – үштік бірлік. Ол сөз арқылы сендіру өнері, және мораль принциптеріне негізделген сөз арқылы білу үдерісі және ғылымы.



РИТУАЛ – әлеуметтік реттелген, рәмізделген жүріс-тұрыстың тарихи қалыптасқан бітімі. «Әдет-ғұрып», «салт-дәстүр» ұғымдары Р. ұғымымен тығыз байланысты. Р-ды, оның мәнін анықтау күрделі мәселе болып табы- лады. Сондықтан оның көптеген анықтамалары бар. Зерттеушілердің басым көпшілігі Р. анықтама бергенде, оны діни жүріс-тұрысты білдіретін катего- рия ретінде түсінуден бастайды. Мыс., Дюркгейм Р. – бұл «адам өзін қасиетті объектілермен қатынаста қалай ұстауы керектігін айқындайтын жүріс-тұрыс ережелері» – деп санайды. Дюркгейм Р. тыйым салынған объектілермен байланыстарын – негативті, ал құрбандық шалу, ата-баба аруағына табы- ну, күнәсін өтеу сияқтылармен байланыстыларын – позитивті деп бөлетін Р-дың сұрыптамасын жасады. Ол Р. әлеуметтік қызметі ұжымдық сезімді күшейту, әлеуметтік бірлікті қолдау деп санады. Осындай анықтамалар Р. адам әрекетінің сакральді (құпия) аймағына (күнделікті тұрмыстан бөлек) жатқызады. Малиновский Р. қатарына тек діни тәжірибені ғана емес, мисти- калық түсініктермен байланысқан магиялық тәжірибені де жатқызды. XІX ғ.

  • XX ғ. бірінші жартысында Р. зерттеуде Р. мен миф арақатынасы мәселесі үлкен орын алды. Антропологтардың қайсы біреулері Р. алғашқы, ал миф оның тұрақтануы, оны түсіндіру, рационализациялануы деп санаса, (Фрезер, Э. Лич, Робертсон-Смит); ал басқалары миф алғашқы деп санайды (Тайлор, Малиновский, Гуди). Қазір Р. мен мифті бір рәміздің көрініс табуының екі түрлі бітімі деп қарастырады. Олар бір уақытта және өзара байланыста бола- ды. Р. рәмізін француз әлеуметтану мектебінің структуралистік бағытының өкілдері зерттеді. Мыс., К. Леви-Строс структуралық лингвистика тәсілдерін қолдана отырып, Р. «тіл», немесе таңбалық жүйе ретінде зерттеді. Лич Р.

«сакральдылық» (құпиялылық) аймағына шығу ретінде қарастырды. Онда күнделікті тұрмыс нормалары өз маңызын жоғалтады. Ол Р-дық актілер мен әдеттегі іс-қимылдардың аражігін ашу өте қиын, өйткені әр қимылдың


422


практикалық, аспаптық және ритуалдық аспектлері бар деп санайды. Яғни әрбір іс-қимылдың Р-дық өлшемі бар. Э. Гоффман қазіргі кездегі Р. қарасты- рып, олардан діни табынушылықпен байланысқан өткен уақыттағы Р. са- кральдандыру адам тұлғасына да таралғанын, себебі қазір адам тұлғасының өзі қасиетті объектіге айналғанын көреді. Оларды «табиғи ритуалдар» – сәлемдесу, этикет, әңгімелеу, сөйлесу ритуалдары деп атайды. К. Лоренц Р. жүріс-тұрыс үлгілері ретінде қарастырады. Олар негізінен коммуникативтік қызмет, сондай-ақ бақылау, топты біріктіру, мәдени рәміздерді қалыптастыру қызметтерін атқарады. Қазіргі заманғы орыс ғалымы В. Топоров архаикалық Р. табиғатын талдап, Р. – ұжымдық іс-қимылға жатқызады. Ол әу бастан табиғат ырғағының заңдылықтарына бағынған, кейіннен адамдардың ал- ғашқы әлеуметтік топтарының әлеуметтік ырғағын қалыптастырды деген қорытындыға келеді. Р. барлық ұжымдық және қоғамдық жүріс-тұрысты реттейді, оған мән-мағына және мақсаттық сипат береді. Р. әртүрлі қызмет- тер: діни-құқықтық (мораль, заң, тәртіп), қорғаныс (қауіпсіздік, әскери) және шаруашылық-экономикалық (еңбек) қызметтерін атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет