Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет478/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   571
Байланысты:
treatise187525

СИНКРЕТИЗМ (грек. synkretіsmos – біріктіру) – «жігі ашылмаған»,
«біте қайнасқан» деген сөз тіркестерінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болмасын құбылыстың жетілмеген, дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелінбеген, дербестелінбегендігін байқаймыз. С-нің мәнін миф, мифо-
логиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субъект-объектілік қатынастардың жоқтығы, жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның өзін айналасын қоршаған әлемнен бөліп-жарып қарамауы және т. б. С. көріністері болып табылады. Архаикалық мәдениеттегі ғылымдардың, өнер түрлері мен наным-сенімдердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық күйі – архаикалық мәдениеттің синкреттік сипатын танытады. Сондықтан да мәдениет тарихында зерттеушілер «алғашқы қауымдық С.» деген үлкен кезеңді айқындайды. Адамзат дамуының бұл сатысында қоғамдық өмір өзінің іріктелмегендігімен, біртұтастығымен, бір-бірімен етене тығыз байланыстылығымен сипатталады. Сол мәдени кезеңнің адамдарының дүниетанымындағы С. көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен: фетишизм, анимизм, тотемизм және т. б. айқын көруге болады. Қазірде бұл терминмен эстетика, өнертану, мәдениеттану саласында әртүрлі өнер түрлерінің элементтерінің бірлестігі айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет