Әдебиет: Шкловский В. О теории прозы. – Л.,1925; Тынянов Ю. Поэтика. История литературы. Кино. – М., 1977; Хрестоматия по теоретическому литературоведению. Тарту, 1976.
ФРАНК С.Л. (1877–1950) – орыс діни философы және психологы. 1922 ж. эмиграцияланған. Оның философиялық жолы «заңды марксизмнен» діни идеализмге, экзистенциализм мен феноменологияға дейін созылып жатыр. Ф-тың философиясының негізгі тақырыбы – рационалды ойды діни сеніммен ұштастыру; адам және оның өмірінің мәні. Ф. мәдениет
500
мәселелерін де ықыласпен зерттеген. Сол кездегі Еуропа мәдениетінің жай- күйін талқылай келе Ф. жұбанышсыз тұжырымға келеді. Оның айтуынша ғылым мен мәдениеттің прогрессіне деген сенім түгелдей жойылды, мәдениеттің ескі құндылықтары ешкімді өзіне тартпайды. Ф. социализмді көп сынға алды.
Достарыңызбен бөлісу: |