Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет326/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Ислам философиясы. 4 том. – Астана: Аударма, 2005. – 534 б.; Қазіргі мұсылман философиясы. 19 том. – Алматы: Жазушы, 2009. – 519 б.; Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009.


Й ЙОГ (санскр. уода байланыс, ойды жинақтау, бірлесу, тәртіп, терең ой) – көне және орта ғасыр үнді философиясының жүйесі. Й. негізгі
қағидалары Патанджали, Упанишад йога және Титада жүйеге келтірілген. Й. жанды дүние құбылыстары әсерінен азат етуді көздейді. Ондағы мақсат

  • санадан, өзін-өзі танудан арылып, абсолюттік тыныштыққа жету, не жеке жанды абсолюттікке, құдайға жақындату. Й. идеясы ХХ ғ-дың мәдениетіне қарқынды ене бастады. Й-ны түсіндірудің жолдары қай кезеңде болмасын көне бастауларға апарады. Й-ны хатха – йога, джанана раджа, бхакти, карма

  • йога деген бес бағытқа бөліп қарастырады. Джанана – азаттыққа жетудің негізгі әдісі деп дүние құбылыстарының себеп-салдарлық ағысының мәнін тануды айтады, хатха-йога – денешынықтыру арқылы қуат, күш алуды ұстанады. Білімсіздіктен арылған жан өзін ерікті сезінеді. Раджа – джананың теориясына сүйене отырып, сыртқы дүниеден қол үзу мақсатымен адамның ұстамдылығын жетілдірудің психикалық және физ. әдіс-жолдарының жүйесін қарастырады. Өзін-өзі терең тану (махасамадхи) өліммен тынады. Бхакти – азат болудың негізгі жолы деп «жоғарғыға» жан-тәнімен беріліп, сонымен бірігіп кетуді айтады. Бхакти карма-йогамен тығыз байланысты.

Карма – қоғамға адал қызмет етіп, сол қызметтің жемісінен біржола бас тартуды уағыздайды. Ғасырлық тәжірибесі бар йоганың практикасы күні бүгінге дейін Үндістанда кең тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет