Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы



бет46/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия.
Алматы, 2007.


АНИМИЗМ (лат. anіma – рух, жан) – заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин. А. терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б. Тайлор (1832–1917) енгізген. Ежелгі мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ескі сенім-нанымдардың қатарында ол А-ді де атап өтеді. Оның пікірі
бойынша, А. кейінгі дамыған діндерге апаратын баспалдақ есебінде болады және олардың ментальдық дүниесіне енеді. Басқа халықтардың дүниетанымы мен сенімі-нанымдарындай А. қазақтың дәстүрлі рухани мәдениетінде терең ұялаған. Мыс., Ш. Уәлиханов қазақы түсінікте жанның үш түрі бар дейді: ет жан, шыбын жан, рухи жан. А-нің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелі», «қасиетті» жер бедерлері мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшін қоршаған орта киелі таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан т. б. тұрады. Табиғи құбылыстар да қасиетті мағынаға ие болады, олардың рухы және иесі бар делінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет