Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Религия и церковь в современную эпоху. – М., 1976



бет473/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Религия и церковь в современную эпоху. – М., 1976.


СЕМАНТИКА (грек. белгілеуші, білдіруші) – семиотиканың түрлі белгілік формалардың мәні мен мағынасын зерттеуге арналған бөлігі. С-ны семиотиканың өзіндік дербес бөлігі деп қарастыру Ч.У. Морристің ізденістерімен тікелей байланысты жүзеге асты. С. мағына теориясы мен референция теориясына бөліп қарастырылады. Мағына теориясында белгінің тілдегі ұғыммен байланысы (сигнификация – белгілену) қарас- тырылса, референция теориясында белгінің тілден тысқары шындыққа қатынасы (десигнация, немесе референция) тұжырымдалады. Лингвис- тикаға С. терминін ХІХ ғ-дың соңында М. Бреаль енгізді. Ол тілдік белгілердің мағынасының тарихи даму барысындағы өзгерістерге ұшы- рауын зерттей келе С. ұғымын енгізуді жөн деп тапты. С-ны логиканың бір саласы деп те қарастырады. Логикалық С. ХІХ ғ-дың соңы – ХХ ғ-дың басында меңгеріле бастады. С-ның логика саласында қарастыратын басты мәселесі – жалпылогикалық ортақ ұғымдардың мағынасы қандай, ол ұғым нені түсіндіреді деген сұрақтар С. мәселелерімен Дж. С. Милль, Г. Фреге, Б.Рассел көп айналысты. Осылардың ішінде әсіресе Г. Фрегенің шығарм. ізденістері С-лық зерттеулердің биік белесі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет