Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет489/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   571
Байланысты:
treatise187525

СХОЛАСТИКА (лат. shola – мектеп) – діни философияның бір типі, Орта ғасырларда Европада кең тараған, философияны теологияға бағынды- руымен сипатталады. Ерте және кейінгі схоластика болып бөлінеді. Біріншісі
– ХІ–ХІІ ғасырларда, екіншісі – ХІІ–ХIV ғасырларға келеді. Ерте C-ның философиялық негізі – Платон мен неоплатониктердің ілімін христиан діні тұрғысынан талдау. Христиандық доктринаға формальды сипат беру C-лық


449

іс-әрекеттің басты құралы логика болуын қамтамасыз етті. Аристотельдің логикасын пайдаланған. Ерте C-ның өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімнің әлемнің ешнәрседен жараты- луы, Қасиетті Үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеу- ге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.


C-ның пайда болуынан бастап, бүкіл Орта ғасырлар бойы оның өкіл- дерінің арасында «универсалиялар туралы» деп аталатын дау пайда болды. Латынша «универсалис» дегеніміз – «жалпы», «бәріне ортақ», «әмбебап» деген мағына береді. Дау «жалпы, универсалия қалай өмір сүреді?» деген сұрақ төңірегінде болған. Бірден екі қарама-қарсы жауап бөлініп шыққан. Біріншілері «жалпы» шын мәнінде өмір сүреді деген, оларды «реалистер» деген. Екіншілері объективті шындықта «жалпылық» жоқ, онда тек жеке құбылыстар ғана өмір сүреді деген қорытынды жасайды. Жалпының орны

  • тіл, жалпылық тек тілде ғана бар, сөз арқылы ғана болады. Жалпы ол – зат емес, ол – атау. Латынша «атау» – nomen, сондықтан оларды «номиналистер» деп атаған. Атақты номиналист У. Оккам болды.

Шегіне жеткен реалистер мен номиналистердің аралығында да бірнеше бағыттар болды. Солардың бірі – концептуализм. Концептуализмнің өкіл- дері жалпы жеке өздігінен де өмір сүрмейді, сонымен қатар ол тек атау ғана емес. Номиналистерден өзгеше олар жеке құбылыстарда жалпыға тән нәрсе бар, ол ұғым арқылы беріледі, (латынша «ұғым» – «концептус»), ал ұғым сөз, атау арқылы беріледі. Концептуализмнің негізгі өкілдерінің бірі

  • П.Абеляр.

С-ның айрықша өкілі – Фома Аквинский. Фома Аквинскийдің және оның ізін басушылар – томистердің (латынша Фома – Thomas) ілімінің негізі – сенім мен білімнің бірлігі. Діни сенім мен діни таным бір-бірін жоққа шығармайды, оларды дұрыс пайдаланған кезде олар бірін-бірі толық- тырады. Олар бір негізден пайда болады, бір мақсатқа апаратын екі жол.


СЦИЕНТИЗМ (лат. Scіentіa – ғылым-білім) – мәдениет жүйесіндегі ғылымның рөлін абсолюттеп, асыра мадақтап көрсету. Қоғамның өмірінде маңызды рөл атқаратын ғылымның үлгісі ретінде С. көбінде жаратылыстану ғылымдарын, позитивті ғылымдарды қарастырады. Сондықтан да С. фило- софияда болсын, дүниетанымда болсын, әлеумет.-гуманитарлық мәселелер- ді талдауда болсын дәл, нақты ғылымдарға тән дағдылы аксиомалық құры- лымның, анықтамалар жүйесінің, эксперименталды қайталанудың және т. б. болуын талап етеді. С. ғылыми-техникалық революцияның әсерінен, яғни ғылымның болашағына деген кәміл сенімнен, ғылымның адамзат тіршілігінің түбірлі мәселелерін шешудегі мүмкіндіктерін шексіз деп қарастырудан туындайды. Қазірде ғылымға көзсіз бас июден ғылымның


450

өзін, әсіресе оның туындатқан техникасын адамзатты қауіп-қатерлі жолға бастайтын күш деп қарастыратын, адамның шынайы адами мәнін тәркілейтін фактор деп танитын С-ге қарама-қарсы антисциентизм идеологиясы да пайда бола бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет