Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет488/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   571
Байланысты:
treatise187525

СУБСТАНЦИЯ (лат. substantia – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтас- тығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Дүние- нің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дә- режеде түсіндіретін форма. Философиялық концепциялар дүниенің бірлі- гін анықтауына сай монизм (бір С.), дуализм (екі С.), плюрализм (бірнеше С.) болып бөлінеді. Антикалық философияда ең алғаш субстанция барлық заттардың негізінде жататын белгілі бір зат ретінде қарастырылды. Ол бөлінбейтін қарапайым зат (су, ауа, апейрон, от, атом т.с.с.). Кез келген өзгерістерде өзгермей, сақталып қалатын негіз. Аристотель С-ны заттан бөлінбейтін бірінші мәнмен теңестірген. Дүниенің бірлігі – формада. Арис- тотельдің форманы алғашқы себеп ретінде қарастыруы ортағасырлық философияда С-лық формалар туралы айтыстың тууына себепкер болған.
Жаңа дәуірдегі философияда С-ны түсінуде екі бағыт пайда болды. Біріншісі Ф.Бэконның эмпиризмінде орын алған С-ны болмыстың негізі, заттың формасы ретінде түсінумен байланысты. Декарт оған қарсы екі С. (материя және ойлау) туралы ілімін ұсынды. Олар бір-бірінен туындамайды, екеуі дербес бір субстанция. Спиноза пантеистік монизмді ұсынды: С. біреу, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: көлемділік және ойлау. Классикалық неміс философиясы С-ға іс-әрекеттік сипат береді. Кант С. категориясын қабылдаудың, яғни тәжірибенің кез-келген синтетикалық бірлігінің болу мүмкіндігінің шарты деп қарастырған. Ол іштей өзгерісте болады деп, Кант С-ны диалектикалық тұрғыда түсіндіреді. Гегель Канттың ойын жалғастыра отырып, субстанцияның ішкі қайшылығын, оның өзіндік дамуын дәлел- дейді. Ол С-ны идеяның даму сатысы ретінде қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет