Шығ.: Первобытная культура. – М., 1989; Введение к изучению человека и цивилизации (Антропология). – П-М., 1924. Әдеб.: Токарев С.А. История зарубежной этнографии. – М., 1978.
ТАЛМУД (көнееврей. – кітап) – Иудейлер дініндегі киелі кітап. Т.
«Көне өсиеттің» 5 кітабынан және дінге сенушілердің іс-әрекетін құқықтық нормалар тұрғысынан реттеуші трактаттардан тұрады.
ТАЛИОН (лат. talіo – кек қайтару, өш алу) – қандас туыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеуші алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан салт- дәстүр. Ол салт-дәстүр бойынша туыстар арасында жасалған қиянат үшін пара-пар кек қайтарылуы керек. «Қанға – қан, жанға – жан» формуласы Т-ның мазмұнын білдіретін ең танымал формула. Кейінірек, алғашқы тап- тық қоғамдарда Т. жасалған қылмысқа сайма-сай жаза кесуді талап ететін қылмыстық жауапкершілік принципіне ауысты. Т. – адамзаттың ақыл ойының ақиқат, әділеттілік туралы алғашқы қарапайым түсінігінің пайда болған- дығының көрінісі. Т. алғашқы қауымдық қоғамда қанды кек қайтаруды ғана көздемей, сонымен қатар адамдар қарым-қатынасына қатал шек бола білді. Өйткені Т. пайда болмай тұрған кездерде жөнсіз кек қайтару орын алған болса, Т. арқылы алынатын кектің шамасы нақтыланды. Т-ның негізінде алғашқы қауымдық қоғамдағы адам санасына және дүниетанымына қатыс- ты «біздер» және «басқалар», «өзіміздікі» және «өзгелердікі», «жақын, бауырлас» және «бөтен» түсінігі жатыр. Т. бір мезгілде адамдарды бөліп
454
те, біріктіріп те отырған, себебі, ол бір рудан тарағандарды басқа ата- балаларынан өзгешелеп отырған, сонымен қатар, бір атаның ұландарының басын ортақ жауға қарсылық тұрғысынан біріктірген. Т. орындау, жүзеге асырудың өзі қасиетті рәсім ретінде қарас-тырылғандықтан оған атаның еркек кіндіктері, әсіресе, соның ішінде, жапа шеккен жанның ең жақын туыстары қатысатын болған. Т. – алғашқы қауымдық қоғамда бой көр- сеткен адамгершіліктің өзіндік ерекшелікті түрі. Т. көне салт-дәстүр қал- дығы ретінде көптеген халықтарда әлі күнге шейін кездеседі. Мыс., тау халықтарының қанды кек қайтару принципінен толық қол үзбегендігін ешкім жоққа шығармайды. Жалпы Т. дүниежүзінің бүкіл халықтарының ертедегі даму сатысында кездескен. Қазақ халқының өмір салтында
«барымта» сынды Т-ның түр көрінісі болған.
Достарыңызбен бөлісу: |