Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин



Дата31.07.2017
өлшемі88,76 Kb.
#22374
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин
Нұрсұлу Әшімтаева

Е.Қашағанов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Қордай ауданы


Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы,жазушы, этнограф әрі қоғам қайраткері Ы. Алтынсариннің өмір тарихы және қазақ халқының болашағы үшін ағартушылық қызметі туралы жан-жақты таныстыру.

Міндеті: Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, халық ағарту саласындағы қызметі, ғылыми-әдеби,қоғамдық саяси қызметімен танысу.

Оқыту нәтижесі: Ұлы ағартушының өмір-тарихымен, ағарту, ғылым, әдебиет, қоғамдық саяси өмірдегі атқарған қызметімен танысады және оның тарихи маңызын ашады, баға береді.Сабақ барысында топпен жұмыс жасауға , ынтымақтастыққа, өзгенің пікірін тыңдауға, санасуға, бағалауға үйренеді.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Өзара белсенділікті арттыру, СТО стратегиялары

Дереккөздер мен жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, эо, А4 қағазы

Ұйымдастыру кезеңі: тренинг «Жылы лебіз» әр жұп бір-біріне әсерлі жағымды пікір білдіреді.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту: сынып оқушыларын қима қағаздарға жазылған кілт сөздер арқылы бес топқа бөлемін. 1 топ – Өмірдерек 2 топ – Ағартушы 3 топ – Экономист 4 топ – Ғалым-әдебиетші

5 топ – Саясаткер

Мағынаны ажырату : Топтық зерттеу стратегиясы бойынша білімді өз бетімен меңгеру

1 Өмірдерек тобы – өмір тарихы мен ағартушылық көзқарасының қалыптасуына әсер еткен тұлғалар мен еңбектері туралы талдау жасайды.

2. Ағартушы тобы- ағарту саласындағы қызметі мен сіңірген еңбегін зерттеп , баға береді.

3. экономист тобы- Ы. Алтынсариннің экономикалық көзқарасының қазақ халқы үшін маңызын ашып көрсетеді.

4. Ғалым-әдебиетші тобы- Ы. Алтынсариннің этнографиялық еңбегімен әдеби мұрасы туралы әңгімелейді.

5. Саясаткер тобы – қоғамдық саяси қызметіне сипаттама жасап баға береді.

Ойтолғаныс : Ашық және жабық сұрақтар слайд арқылы беріледі.

1.Ы. Алтынсарин мен Ш. Уәлихановтың өміртарихы мен ағартушылық көзқарастарының қалыптасуында қандай ұқсастық бар ?

2.Ағартушының баларға арнап жазған қандай еңбектері туралы білдіңдер?

3. Ағартушының 1864, 1879 жылдардағы өмірі қандай тарихи оқиғалармен байланысты ?

4. Ы. Алтынсариннің этнографиялық еңбегі қалай аталады?

5 Ы. Алтынсариннің щығармаларында неге қажеттілік кеңінен насихатталды? Жастарды неге шақырды?

Қорытындылау: РАФТ стратегиясы

Рөл – Ы. Алтынсарин ұлы ағартушы

Аудитория – Ағартушының бойындағы дара қасиеттерін баяндайды.

Форма – тақырып бойынша хат, өлең, эссэ жазады.

Тақырып – берілген тақырыпты өздері өзгертіп негізгі мазмұнын қысқаша әңгімелейді.

Автор орындығы: Бүгінгі сабақта нені білдің? Көңіліңе не түйдің?

Бағалау. Кері байланыс- Бүгінгі сабақ несімен ұнады? Қандай жаңалық алдың? Қандай тілегің бар?

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, эссэ жазып келу.



Сабақтың тақырыбы: Есім хан (1598-1628 жж.)

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты: Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының жағдайы, ішкі сыртқы саяси жағдайды нығайту мақсатында қабылдаған заңдары туралы жан-жақты таныстыру.

Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау талдау ,салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы ,сұрақ –жауап,бір айналым сөйлесу Автобустық аялдама , Вен диаграммасы

Ұйымдастыру кезеңі: тренинг «Жылы лебіз» әр жұп бір-біріне әсерлі жағымды пікір білдіреді.

Сабақтың барысы:

І. Үй тапсырмасын сұрау: Слайд «Сандар сөйлейді»

1582-1598жж 1582ж-Африкент

1583жыл Тәуекел - Абдаллах

1594,1595жыл Құл-Мұхаммед -Степанов

1597жыл-Ташкент, 1598ж –Мауреннахр,

1598ж- Сібір хандығы

1580-1582жж

Жаңа сабақ:

Қызығушылықты ояту Слайд

« Жау жағадан алғанда бөрі етектен» мақалының мәнін қалай түсінесіңдер?

Мағынаны ажырату сатысында

Топтық зерттеу стратегиясы бойынша білімді өз бетімен меңгеру

Оқушылар отыру реті бойынша 3топқа бөлінеді. Әр топ тақырып бойынша оқулықтағы мәтінді оқып шығып бір айналым сөйлесу әдісімен мазмұнын қысқаша әңгімелеп шығады.

1-ші қатар Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты

2-ші қатар Тұрсын ханның бүлігі

3-ші қатар “Есім ханның ескі жолы”

Ойтолғаныс: Ашық және жабық сұрақтар

1.Бұхар хандығы мен қазақ хандығының арасындағы талас –тартыс немен аяқталды?

2.Есім хан мен Тұрсын ханның арасындағы қайшылық неден басталды?

3. Тұрсын ханның билігі немен аяқталды?

4. Есім ханның Қатаған руын қырғынға ұшыратуы дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар? Қорытындылау:

Автобустық аялдама: Аялдамадағы А4 форматындағы қағазға жаңа сабақ бойынша негізгі ұғымдарды әр топ бір мәліметтен жазады

1-ші аялдама – Қазақ хандығында дара билік жүргізген хандарды атап жазады

2 ші аялдама -Есім ханның хандықтың саяси билігін нығайту үшін жасаған шаралары.

3ші аялдама -Есім ханның билігі кезіндегі оқиғалардың хронологиялық тізбегін жазады

4ші аялдама - “Есім ханның ескі жолы” –заң ережесінің баптары туралы жазады

Вен диаграммасы Дала заңы- Конституция

Бағалау смайликтер арқылы , Кері байланыс- Бүгінгі сабақ несімен ұнады? Қандай жаңалық алдың? Қандай тілегің бар?

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, Отан , Бірлік пен Ынтымақ туралы мақал мәтел жинау. Реферат жазып келу. «Еңсегей бойлы Ер Есім »



Сабақтың тақырыбы: Тәуке ханның билік құруы және оның заңдары.Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы Джигсо - 1құрастыру, толықтыру, салыстыру, ашық тест, топтастыру

Сабақтың мақсаты: Тәуке ханның тұсындағы хандықтың ішкі, сыртқы саяси жағдайы, Жеті жарғы , хандықтың саяси жағдайын нығайту мақсатында қабылдаған заңдары және ұлы билер туралы мәліметтермен жан-жақты таныстыру, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу, ойлау талдау ,салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту



Ұйымдастырыу кезеңі: тренинг «Мен жақсы көремін» оқушылар өзі жақсы көретін үш қасиетті атайды

Сабақтың барысы:



І. Үй тапсырмасын сұрау: Шығармашылық жұмысты қорғау «Еңсегей бойлы Ер Есім » Толықтыру,салыстыру, ашық,бағалау тесті

1топқа тапсырма

1.Есім сол кездің өзінде қазақтың көп санды әскерін басқарған..................................................................... ..............,көрнекті сұлтан еді.

2.Есім хан...............................................................................................................жазалады.

3.Есім хан қай жылы Имамқұли бастаған Бұхар әскерін жеңіп шықты

А) 1611жылы Ә) 1613 жылы Б) 1621 жылы В) 1624 жылы

2топ

1. Қазақ хандығын екі хан билеп , елде саяси бытыраңқылық орын алды.



А) 16 ғасырдың аяғы Ә) 17 ғасырдың басы Б) 17 ғасырдың ортасы В) 16 ғасырда

2.Есім ханға қарсы тұрған саяси топтардың бірі ........................... жылдары өзін хан деп жариялады.

3.Есім хан мен Тұрсын ханның тұлғалық қасиетін салыстыр.
3топ

1. Бұхар хандығын жеңіліске ұшыратқан қазақ-бұхар шайқасы қай жылы, қай жерде өтті? А) 1603ж Айғыржар, ә) 1611ж Ташкент, б)1624ж Самарқан, в) 1627ж Айғыржар

2. Есім хан өз билігінің алғашқы кезінде Бұхар ханымен бітім-шартын жасасып, ...................................... байланыс орнатуға ұмтылды.

3.Тақырыптың тарихи тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?


4 топ

1. Қиын қыстау заманда Есім хан өзінің жаңа жүйеге түскен заң ережелерімен ..................................................... тәртіп орнатты.

2.Қатаған қырғыны болған жыл а) 1621 ә) 1624 б) 1627 в) 1613

3.Тәуекел хан мен Есім ханның сыртқы саясаттағы мақсаттарын салыстыр



Жаңа сабақ:

Қызығушылықты ояту: Ой қозғау Әз –сөзінің мағынасы, Қасиетті сан, әдет-ғұрып ережесі,өз өмірін ел бірлігі мен ынтымағына арнаған, алмастай өткір сөзімен,қара қылды қақ жарған әділ билігімен тарихтан ерекше орын алған бабалар туралы не білесіңдер?

Мағынаны ажырату

Джигсо әдісі бойынша

Оқушылар 4топқа бөлінеді.Өз топтарында 1,2,3,4 нөмірлерге бөлінеді.№1,№2,№3 №4жеке топтарға жиналады.Әр жеке топ тақырып бойынша оқулықтағы мәтінді оқып шығып талдайды.


  1. Тәукенің хан болу қарсаңындағы қазақ хандығының саяси жағдайы

  2. Тәуке ханның билік құруы

3) Қазақ хандығының сыртқы жағдайы

4) Жеті жарғы

Мәтінді талдап болғаннан кейін бастапқы өз топтарына оралып,түсіндіруге кіріседі

«Сен маған мен» саған оқушылар бір біріне сұрақ қойып жауап алады



Түйіндеу : Стенд, Слайдта жазылған өсиет сөздер кімдікі, мағынаны тұжырымда» әр топтың өкілі пікір білдіреді.

«Ынтымақ, бірлігі мықты елді жау да, дау да алмайды»

«Ел ебелек емес, ер кебенек емес біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.»

«Ер болсаң еліңе пайдаң тисін, батыр болсаң жауыңа найзаң тисін, ер болып еліңе пайдаң тимесе,батыр болып жауыңа найзаң тимесе елден бөлек үйің күйсін»

Қорытынды : Интерактивті тақтада топтастыру- Тәуке хан, Жеті жарғы, Слайдтық көрсетілім

Критерий бойынша бірін бірі бағалау. Тақырыптың мазмұнын аша білуі, Өз пікірін жеткізе білуі,Нақты қысқаша тұжырым жасай алуы, ұйымшылдығы. Кері байланыс



Үйге тапсырма : Тақырыпты оқу. Реферат « Ерлігі аңызға айналған Салқам Жәңгір» «Жеті жарғы –ұлттық қазына»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет