Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Бахтин М.М. Проблема текста в лингвистике, философии и других



бет507/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Бахтин М.М. Проблема текста в лингвистике, философии и других гуманитарных науках // Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества.
М., 1979; Руднев В.П. Основания философии текста // Научно-техническая информация. Сер. 2. – М., 1992.


ТЕХНИКА (грек. Techne – өнер, шеберлік, машық, кәсіп) – қоғам мен табиғатты байланыстырып жатқан феномен. Т-ны кең және тар мағы- насында қарастыруға болады: тар мағынасында Т. – индустрия, өндіріс, кәсіп дегенді білдіреді (экономикалық Т., өндірістік Т., әскери Т., машина
– жабдықтар, тұрмыстық Т. т. б.), кең мағынасында Т. деп өнерді, шеберлік түрін айтады (ойлау Т., бейнелеу Т., би-өлең Т., т. б.). Т-ның мәні адамға аз күш жұмсатып, көп нәтижеге жеткізуде жатыр. Т. мәдениеттің негізін қалайды. Адам Т-ға өзінің адам ретінде қалыптасуымен қарыздар. Бірақ Н. Бердяевтің «Техника туралы сұрақ адамзат пен оның мәдениетінің тағдыры туралы сұрақ» дегенін естен шығармаған дұрыс. Расында да қазіргі техниканың даму қарқыны, оның игі әсерімен қатар кері ықпалының көбеюі ақылы бар адам баласын ойландырмай қоймайды. Батыста Т-ны философиялық – мәдениеттанушылық ізденістердің нысанасына айналдыру И. Бекманның «Технология туралы нұсқау немесе мануфактура, фабрика және шеберлікті тану» (1777 ж.), Э. Капптың «Техника философиясының негіздері» (1877 ж.) атты шығармаларының дүниеге келуімен байланысты жүріп отырды. Бұл екеуінің Т. концепциясы «органопроециялық» сипатқа ие болды, өйткені олар Т-ны адамның өз органдарын, дене ағзаларын табиғи материалға проекциялау нәтижесі деп түсіндірді. Мыс., экскаватор – үлкен алақан уысы; автомобиль – желаяқ және т. б. Т. тақырыбын Дессауэр, Хайдеггер, Ясперс шығарламарынан да көптеп кездестіреміз. Мыс., Хайдеггердің айтуы бойынша, Т. – адамның өзін-өзі жүзеге асыру тәсілі әрі сол арқылы болмыс қыр-сырын, жұмбағын шешу жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет