Әдебиет: М. Хайдеггер. Время и бытие. – М., 1993; Н. Бердяев. Человеки машина // Вопросы философии. № 2, 1989; Новая технократическая волна на Западе. – М., 1986; Тавризян Г.М. Техника, культура, человек. –М.,1989.
465
ТЕХНИЦИЗМ – техниканы қоғам тағдырын анықтауыш күш деп түсіндіретін әлеуметтік-психологиялық нұсқау және саяси-қоғамдық ой бағыты. Т. қоғамдағы елеулі өзгерістер тікелей техниканың әсерімен жүзеге асады деп ұғындырады. Т. идеологиясы адамзат үшін техниканың дамуы қашанда ізгілік көзі деген үстірт көзқарасқа негізделген. Т. идеологиясының мәдениеттанушылар, әлеуметтанушылар ілімдерінде кездесуін олардың адамзат мәдениетінің тарихи негізгі сатыларын техниканың белгілі бір аспектілерімен байланысты қарастыруларынан байқаймыз. Мыс., олардың бірі (Дж Ленский сияқты) мәдени кезеңдерді еңбек құрамының өзгерісімен байланыстырса, келесісі – қуат көзінің өзгерісімен, үшіншісі (М. Маклюэн сынды) – қарым-қатынас, ақпарат алмасу құралдарының өзгерісімен байланыстырады.
ТЕХНОФОБИЯ (грек. techne – техника, fobіa – қорқыныш) – техни- калық прогрессті теріс қабылдау, техникаға үміт артудан гөрі оның әкелер қауіп-қатерінен үрку, техниканы адамның жауы деп санау. Т. идеологиясы адамзатты жөн-жосықсыз тұтынушылық жолында техниканың құлы болып, соның бір тетігіне айналып кетуден сақтандырудан туындайды. Т. адамның жеке басының тұлғалық ерекшеліктерін техника жоққа шығарады деп үрейленеді. М. Голдман, Дж. Форестер, Д. Медоуз өздерінің Т-лық концепцияларында экологиялық кризис себептерін ғылыми-техникалық революциядан табады. Олар технологиялардың дамуын осы қазіргі дең- гейден ары асырмау керек, тек сонда ғана әлемде табиғат пен техника арасындағы тепе-теңдікті («глобальды тепе-теңдікті») қалыптастыруға болады деп түсіндіреді.