ШЕТТЕТУ– адамдардың түрлі формадағы қызметі мен оның нәти- желерін соған қарсы немесе үстемдік құрып отырған жағдайдан асып түсе- тін дербес күшке айналдыру. Ш. механизмі бірқатар жағдайларға байла- нысты көрініс табады: өмірдің сыртқы күштерінің ықпалының алдында тұлғаның дәрменсіздігі; өмір сүрудің абсурдтығы туралы таным; адамдар арасындағы әлеуметтік тұрғыдағы міндеттердің орындалмауы, жоғалуы; басым бағытты құндылықтарды мойындамау; жалғыздықты сезіну; қоғамдық байланыстардан адам өзінің сырт қалуын байқауы; тұлғаның өзіндік «менді» жоғалтуы. XX ғ-да адамның табиғатпен бірлестігінің, үндестігінің жоғалуын ғалымдар Ш. салдары деп таниды. Қазіргі адам- дардың мәдениеттен Ш-інің түрлі аспектілерін қазіргі философия саласы зерттейді.
ШЕШЕНДІК ӨНЕР– софистикалық бағыттағы далалық риторика мектебі. Шешендердің мақсаты қалай болғандада өзінікін дәлелдеу, сөз сайысында жеңіп шығу. Өте көне замандардағы семиттік дәстүрге ұқсас Сүлеймен пайғамбардың екі ананың дауын шешкені сияқты, қазақ шешен- дік өнері дау-дамай, талас-тартыстың нақты шешімін табуға тырысқан.Осы себептен Ш. ө-ді қазақ дәстүрлі тірлігінің қарама-қайшылығынан туында- ған қазылық тәжірибесінің тармағы деп тұжырымдауға болады.