Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет6/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
АБСОЛЮТ (лат. absolutus – сөзсіз) – еркін, «мұқтажсыз», толық, өзге ешнәрсеге тәуелді емес, дара, тіршілік атаулының бәрін өз бойында қамтып, сақтайтын және әлемнің жалпы негізі болып табылатын, мәңгі, шексіз, кәміл жетілдірілген және өзгермейтін болмыстың толықтығын белгілейтін философиялық категория. А. барлық жаратылыстың шығармашылық бастамасы және субъект пен объектінің үйлесімді тұтастығы ретінде түсін- діріледі. А. – объективті, мәңгі, шексіз, өзіне-өзі жеткілікті болатын, бір- тұтас жаратылыс және кез-келген салыстырмалылыққа әрі шартты тірші- лікке қарама-қарсы құбылыс. А. – дүниенің басы мен аяғы. А. терминін философиялық айналымға ХVІІІ ғ. соңында М. Мендельсон мен Ф. Якоби Б. Спинозаның табиғатты (тұлғасыз Құдайды) пантеистік түсіндіруіне ба- лама ретінде енгізген. Содан кейін Шеллинг пен Гегельдің философия- лық жүйелері арқылы А. «біртұтас», «апейрон», «нус», «логос», «дао»,
«барлық», «субстанция», «жалпыға бірдей субстрат», «өлшеусіз», «тануға болмайтын», «түпсіз болмыс», «кәміл», «максимум» және «минимум» сияқты барынша жалпы ұғымдарды жинақтап қорытындылайтын кате- горияға айналды. Көне заманғы «пратхи», «ци», «брахма», «бос кеңістік»,
«реттілік», «морфа» және т. б. идеялар мағынасы жағынан А. ұғымына жақын. Гегель философиясында дүниелік парасат (абс. рух) А. рөлін атқарады; Шопенгауэр философиясында – ерік, Бергсон ілімінде – түйсік, Франк ілімінде – «игерілмейтін», Тейяр де Шарденде – ақылмен қол жеткі- зілетін «Альфа» мен «Омега» тұтастығы нүктесі, метафизикалық орталық, қайнар көз және түпкі мақсат. Олар А. ұғымының шексіз кәмілдігінен оның өзгермейтіндігі және өзіне-өзі тепе-тең болатындығы туралы түсінікті өрбітеді. Интуицияны бірінші орынға қоятын философтар А-ті образдық білім, ұғым және таңба формасында игеру мүмкін емес, бірақ тікелей біздің ар-ұжданда, интуицияда, наным-сенімде болатын құбылыс ретінде онымен нақты күй кешуге болады деп есептейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет